Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Ата заң-тәуелсіздік тұғыры"

Дата: 25.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 64
Қалалық №2 кітапхана филиалы 30-шы тамыз Конституция күніне арналған" Ата Заң-тәуелсіздік тұғыры "атты кітап көрмесін өткізді.Кітап көрмесіне:"Мәңгілік Ел","Ата заңым-қорғанышым","ҚР Конституциясы","Қазақтың Ата-заңдары "кітаптары қойылды.Мақсаты:Оқырмандарға Ата Заңымыз,адам құқықтары туралы түсінік беру,өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету,өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту,сонымен қатар құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

«Ата Заңым-мақтанышым,қорғаным!»

Дата: 25.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 75
2022 жылдың 25 тамыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Ата Заңым-мақтанышым,қорғаным!» атты слайд шоу әзірледі. Мақсаты :Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу және Ата Заңды білуге үйрету, өз елінің патриоты болуға баулу, болашақта Отан үшін адал қызмет атқаратын, елінің жарамды азаматы болып шығуға жетелеу. Еліміздегі әрбір азамат Конституция туралы тереңірек білуге тиіс, оқырмандар назарына Ата Заң туралы ақпарат ұсыну.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/613326496860354/

"Ата Заңым - қастерлім"

Дата: 25.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 79
Қалалық орталық балалар кітапханасы төменгі сынып оқушыларына кызмет көрсету бөлімінде 2022 жылдың 25 тамызында «Ата Заңым - қастерлім» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұймдастырылды. Мақсаты: Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу және Ата Заңды білуге үйрету, өз елінің патриоты болуға баулу, болашақта Отан үшін адал қызмет атқаратын, елінің жарамды азаматы болып шығуға жетелеу. Кітапханашы оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы бүгінгі Егемен Қазақ елінің негізгі Ата Заңы болып табылатын айтып өтіп, Ата Заңды құрметеуге, оның әрбір тармақтарын терең түсіне білуге шақырды. Оқырмандар өз ойларын ортаға салып, Ата Заңды ардақтап, Отан үшін аянбай еңбек ететіндіктерін айтты. Шараға 22 оқырман қатысты.

«Философ-ғалым»

Дата: 24.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 64
Қоғам қайраткері, белгілі ғалым, академик Ғарифолла Есім философиялық еңбектерімен, ой-толғауларымен, сан түрлі қоғамдық істерімен, соны идеяларымен елімізге танымал болған азамат. Ол талай жыл жоғары оқу орындарында ұстаздық етті, Парламенттің жоғары палатасында сенатор болды. Басқа да жауапты қызметтерде жүрді. Қай салада, қай қызметте де Ғарифолла адами биіктіктің, кәсіби біліктіліктің жоғары тұғырынан түскен емес. Бүгінде 75 жасқа толып отырған ғалым.2022 жылдың 24 тамыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы Ғарифолла атамызға арнап «Философ-ғалым» атты бейнеақпарат өткізді.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/730998657961210/

«Лирик ақын- Сырбай »

Дата: 23.08.2022 Категория: Новости Просмотры: 76
2022 жылдың тамыз айының 23–ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде оқырмандарменҚазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1-дәрежелі Отан соғысы, “Қызыл Ту”, “Халықтар Достығы”, “Құрмет Белгісі” ордендерінің иегері Сырбай Мауленовтың туғанына 100 жыл толуына орай«Лирик ақын- Сырбай »атты жазушы бенефисі ұйымдастырылды.Мақсаты:Оқушыларға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері, ақын Сырбай Мәуленов туралы толық ақпарат беру, шығармашылығымен таныстыру. Сонымен қатар поэзияға деген сүйіспеншілікке, өзін-өзі бағалай білуге баулу. Балалар ақынныңөмірбаянымен және шығармашылығымен тереңнен танысты, сонымен қатар оларға автордың кітаптарына шолу жасалды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ