Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Мен тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін

Дата: 22.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 11
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, 2025 жылғы 22 мамыр күні қалалық орталық балалар кітапханасында №2 орта мектептің 3 «Г» сынып оқушыларымен «Мен тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін» атты сурет байқауы өтті. Шараның мақсаты жас буынның шығармашылық қабілеттерін тереңдету, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу. Байқау барысында кітапханашы балаларға 1 маусым мерекесі жайында шағын мағлұмат берді. Балалар дайындап келген тақпақтарын айтты. Балалардың көңілдерін көтеру үшін оларға викториналар, әр түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалар арасында қағаз беттеріне және асфальтке сурет салу сайысы өтті. Біздің кішкентай оқырмандарымыз «Шалқан» ертегісі негізінде қойылым қойып, ән айтып, би биледі. Байқау соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді. Шараға: 41 оқырман қатысты.

«Бар жақсылық балаларға» саяхат сағаты

Дата: 22.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 20
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын күн ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам. Қоғамды, жас жеткіншектерді қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Осы мақсатта 2025 жылдың 22 мамыр күні қалалық орталық кітапханасында №12, 14 мектептің 3 «А» мен 4 «А» сынып оқушыларымен«Бар жақсылық балаларға»атты саяхат сағаты ұйымдастырылды. Мерекелік шараны қалалық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі А.Баймуханова ашып, балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, оқушыларға ыстық лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Шарада оқушыларға «Кітап патшалығы» атты көрініс көрсетіліп, «Кітап елі», «Ақылдылар әлемі», «Суретшілер елі», «Креатив Kids» «Көңілді кітап әлемі» атты бекеттерге тоқталып, қызықты саяхат жасап, өз өнерлерін көрсетіп, қызықты да көңілді күй кеш...

«Өзіміз жасап көрейік» шеберлік сағаты

Дата: 21.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 12
2025 жылғы 21 мамыр күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында «Мерей» қолөнер клубы мүшелері қатысуымен «Өзіміз жасап көрейік» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Клуб мүшелері қағаздан гүлдер жасап үйренді. Мақсаты: Оқушылардың ой ұшқырлығын және білімдерін жетілдіру, жасалу жолдарын үйрету, еңбек сүйгіштікке баулу. https://www.instagram.com/reel/DJ540OWJE7u/?igsh=MTFtN3M2Y291YjdyNA==

"Бір ел - бір кітап" акциясы

Дата: 21.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 3
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 21 мамыр күні Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау мақсатында кітапхана оқырмандарымен «Сөз зергері» атты әдеби марафон өтті. Мақсаты: Жазушының әдеби мұрасын дәріптеу, шығармаларындағы көркем сөз құдіретін сезіндіру арқылы жас ұрпақты кітап оқуға баулу.

«Таңғажайып асқабақ» сурет салу сағаты

Дата: 21.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 14
2025 жылғы 21 мамырында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында «Бәйшешек» клубының белсенділерімен «Таңғажайып асқабақ» атты ертегісіне сурет салу сағаты өткізілді. Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау, сурет салу барысында шығармашылықты, қиялды дамыту. Шараға 22 бала қатысты. https://scontent.fala2-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/493721263_1928399157921668_2302643199753338661_n.jpg?_nc_cat=101&ccb=1-7&_nc_sid=127cfc&_nc_eui2=AeFXDKxflnGttOtwMrCBdFLxTcWC3_Bf-k5NxYLf8F_6Tn4QT4RimvjuQ0_T4BnwkzKcuwg_51kyVjqLB1jWuhHJ&_nc_ohc=r23q4im7ICUQ7kNvwHEEY7w&_nc_oc=Adk7ZPv26jH8RP7-m3DG5lg5CrFZwcb-nBn1O2uBVebscctBJcpWjRIy3rAR09vAjJO8rDOxWritrQkuGiYjh4yz&_nc_zt=23&_nc_ht=scontent.fala2-1.fna&_nc_gid=avlQ6n7Vj2jeOkX7u30unw&oh=00_AfKtFO6cHF44HCTXwhLeC7KVY2hnmgLlsNFTC_UUeuS-Cg&oe=68334CB0
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ