Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Коворкинг

Дата: 08.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 46
Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында 2022 жылы қараша айының 08 - ші жұлдызы күні «Коворкинг» орталығында балалар түрлі ойын ойнап, бос уақыттарын өткізді. Мақсаты: Шашки, тоғызқұмалақ, шахмат сияқты ойын түрлерін ойнап қызығушылықтарын арттыру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0hoC65tGPDZydnRhWKQBZmoBdXUQnk4UfzsXuVGWbeSigLVMm2Y9c42RYf1nWz4sKl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWgmCmMzaOvaVl2rXh64cR0AQUMdDPMMYsznkGAN9UKk3wj8NGf7BgHsb8_eZV818VjOAma7TBW9hJmTNJSYIhrsSWb0rL9f_8mrTOHmvCV-cUNvtKzaZJtsWfTgIzLE0oUMo7WxYfJPT7hhVAtlJA9ySD-w-Oy4FT7sHaUu07dzA&__tn__=%2CO%2CP-R

"Шебер қолдар, зерікпейтін ойлар"

Дата: 08.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 37
2022 жылдың 8 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана оқырмандарымен «Шебер қолдар, зерікпейтін ойлар» атты квиллинг өткізілді. Шараның мақсаты: өзге елдер өнері квиллинг туралы мағлұмат беру, оның тарихымен таныстыру. Қағазды орау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрену, балалардың шығармашылық қабілетін, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту, өздігінен шығармашылық пен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып, әсемдік талғамын қалыптастыру, ұқыптылыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.

«Кел, балалар үйренейік!» атты «Шахмат» ойыны

Дата: 07.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 30
2022 жылдың 7 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының «Алау» коворкинг орталығында жастардың қатысуымен «Кел, балалар үйренейік!» атты «Шахмат» ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру; Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеу.

Бірлік бар жерде, тірлік бар

Дата: 04.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 36
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 4 қазан күні «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген тақырыптағы сұхбат интервью ауыл тұрғыны, кітапхананың тұрақты орқырманы шешен мәдени орталығының өкілі Асет Могамедқызымен өтті. Сұхбат барысында А.Могамедқызы:- Елімізде түрлі ұлт өкілдері қоғамдық бірлестігін, мәдени орталығын, одағы мен қауымдастығын құрып, еркін өмір сүруде. Солардың бірі Талдықорған қаласындағы Шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығы– 1990 жылы құрылған. Бастымақсаты— ұлтаралықтатулықпен әлеуметтік тұрақтылық ахуалын сақтай отырып,шешенжәнеингушұлтының тілдері менмәдениетін,салт-дәстүріндамытып, насихаттау. Жетісу өңірінде 6 мыңнан аса шешен, 690-дай ингуш ұлтының өкілдері татулық пен ынтымақта өмір сүріп жатыр. Қазақ халқына алғысымыз шексіз - деп өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар оқырмандарға шешен ұлтының салт-дәстүрінен қызықты әңгімелеп берді.

«Жүрек жылуын сыйлайық»

Дата: 03.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 84
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 2022 жылдың қараша айының 3-де Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының балаларымен «Жүрек жылуын сыйлайық» атты библиогид ұйымдастырылды. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани демеу көрсету, кітапханамен дос болуға шақыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ