Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Коворкинг

Дата: 10.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 39
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының жанынан құрылған «Коворкинг» орталығында кітапхананың әр жастағы оқырмандары келіп өздерінің бос уақыттырын тиімді өткізеді. Балалар орталықта ой өрісін дамытатын ойындар: шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындарын ойнап, ғаламторда отырып өздеріне керекті ақпараттарды таба алады.

"Терроризммен күрес баршаның міндеті"

Дата: 09.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 45
Қалалық №2 кітапхана филиалы қараша айының 9 күні "Терроризммен күрес баршаның міндеті" атты кеңес тренинг өткізді.Мақсаты:Оқырмандарға терроризм туралы түсінік беру,оның түрлері,себептері мен зардаптарын,бейбітшіліктің маңызын ұғындыру.

«Кітапханаға кітап сыйла»

Дата: 09.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 48
2022 жылдың қараша айының 9-да қалалық орталық балалар кітапханасына «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында заң ғылымдарының докторы, профессор Молдабаев Сарқытбек Сәрсембайұлы кітапханаға 5 кітап сыйға тартты. Оның ішінде 3 кітап өз қаламынан туған авторлық кітаптары. Сарқытбек аға жазарыңыз көп болсын. Кітапханаға кітап сыйлаңыз!

"Жан жылуы"

Дата: 09.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 32
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Нашар еститіндер қоғамдық» клубының мүшелерімен «Жан жылуы» тақырыбында әңгіме сағаты өтті. Шара барысында қазіргі заманда мүмкіндігі шектеулі балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор, мәдениетті, білімді азаматтар болып қалыптасуына ықпал ету жәйлі әңгімеленді. Мақсаты: мүмкіндігі шектеулібаланы қоршаған ортаға бейімдеу, қоғамның дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

"Терроризм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" ақпарат сағаты

Дата: 08.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 33
2022 жылдың 8 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Талдықорған қаласының Жоғарғы политехникалық колледжінің білімгерлерімен «Терроризм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Білімгерлерге экстремизм және терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.Отан сүйгіштікті, әділеттілікті, терроризмге, экстремизмге теріс көз қарасын қалыптастыру. Шараға 21 адам қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ