Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы»

Дата: 28.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 47
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай 2022 жылы қараша айының 24-ші жұлдызы күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы» атты мектеп оқушыларының қатысуымен кітап көрмесі өтті. Іс –шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кең көлемде мағлұмат берілді.Мектеп оқушылары- Асылұлы Әлімхан, Арзенов Мейірбек Ерсінұлы Бауыржан Ахмет аталарының өлеңдерін жатқа оқыды.Іс-шараға қатысушыларға «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында кітап көрмесіне шолу жасалынды. Көрмеге Ахмет Байтұрсынұлының «Маса», «Бес томдық шығармалары жинағы», «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасыз» атты жинақтар қойылды. Шараның мақсаты: Оқырмандарға А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру, тілге, елге құрмет көрсету, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін оқырмандарға үлгі ете отырып,...

"Жүрек жылуы" жобасы

Дата: 25.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 55
Қараша айының 25 жұлдызында қалалық №2 кітапхана филиалы «Жүрек жылуы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету үшін үйге кітап апару жұмысын атқарды.Мақсаты: ерекше оқырмандарымызға қолайлы қызмет көрсету, білім мен ақпарат көзі кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

"Бәйшешек" клубының отырысы

Дата: 23.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 43
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында «Бәйшешек» клубының сабақтары жоспар бойынша өткізіліп тұрады. 2022 жылы 23 қараша күні «Көбелек жасау» атты сабағы ұйымдастырылып, клуб белсенділері түрлі -түсті қағаздан көбелек жасап үйренді Мақсаты: Оқырмандарға әр түрлі қолөнер туралы мәлімет беру, шеберлікке баулу.

Әлемдік жаһандану

Дата: 23.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 51
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында «Болашаққа бағдар» «Рухани жаңғыру» мақаласына орай 2022 жылдың 23 қарашасында «Әлемдік жаһандану» атты библиографиялық биеналле өткізілді. Мақсаты: Қазіргі жаһандану заманында, ақпараттық технологиялардың дамыған дәуірінде болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтарға, өзгерістерге көңіл бөліп, білуге асығыс болу керектігін балаларға жеткізу Қорытынды: Шараға № 11 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Жалпы саны 30 адам 3 жаңа оқырман жазылып, 5 кітап оқырмандарға берілді.

Салауаттылық - денсаулық негізі

Дата: 23.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 47
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2022 жылдың қараша айының 23 жұлдызында«Салауаттылық – денсаулық негізі»атты блиц турнир 5 сынып оқушылары арасында өтті. Шара барысында балалар денсаулық пен тазалыққа байланысты тыйым сөздер мен мақал – мәтелдер, жұмбақтар айтып жарысты. Шараның мақсаты: Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізеотырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын денісау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу. Қоғамдағы зиянды заттардың адам организмінтоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып,оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. 18адам қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ