Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Гоу,коворкинг"

Дата: 30.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 41
Қараша айының 30 күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалында коворкинг орталығында «Гоу,коворкинг » атты интелектуалды ойын өтті.Мақсаты: кішкентай оқырмандарымыздың кітапханаға деген ынталарын арттыру, бос уақыттарын тиімді әрі қызықты жұмсауға үйрету.

Қазақ батыры – Қаракерей Қабанбай

Дата: 30.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 46
Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында 2022 жылы қараша айының 29-шы жұлдызы күні, дарабоз-батыр, талантты қолбасшы Қаракерей Қабанбайға-330 жыл толуына орай«Қазақ батыры – Қаракерей Қабанбай» ақпарат сағаты көпшілік оқырман арасында өтті. Мақсаты:Қазақ батыры – Қаракерей Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның психологиясын ашып көрсету, оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, қазақ тарихындағы батырдың алатын орнын анықтау, танымдық қабілеттерін арттыру, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02exjTjGHZ1a6ZpniFrB8P9hoXmnLvv4N5WRUZC2g3sum76CXqSQU2Ej8axfuLzq91l&id=100022548073225&__cft__[0]=AZURlvV79Oo8894EHsqHldjXWugyKqOw_I515LA_Rge9r_CuRHA2nZ2dcspA3klIAxmJPRnaJq-lXSFRDFWdxENbsQp2O4GgdJJvbzfcR_sKZ5_5KzGVxa2BxdDBFkfVXL43IcINEaKL-P7TIEj2gVVBJ8YQVKK9HarsBhxmNgRSUA&__tn__=%2CO%2CP-R

Пластмасса құтылармен жұмыс

Дата: 30.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 77
Еңбек ауылдық кітапханасы 2022 жылдың қараша айының 29 жұлдызында «Пластмасса құтылармен жұмыс»атты отырыс өткізді, пластмасса бөтелкеден саңырауқұлақ жасап үйрендік. Мақсаты: Оқушылардың компазициялық талғамын, эстетикалық ой-өрісін қалыптастыра отырып, шығармашылыққа, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

«Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»

Дата: 29.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 35
2022 жылдың қараша айының 29 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің 7 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Мақсаты: оқырмандар арасында ұлы ұстаз, ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өз кезінде айтып, кейіннен нақыл сөз болып артынан қалған ұлағатты сөздерін оқырмандар арасында насихаттау, олардың бойында ұлтқа, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

"Елбасы жолы-ұрпаққа өнеге"

Дата: 29.11.2022 Категория: Новости Просмотры: 38
Қалалық №2 кітапхана филиалы қараша айының 29 күні «Елбасы жолы-ұрпаққа өнеге» атты тұлғатану сағатын ұйымдастырды.Мақсаты: Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын көтерген алғашқы елбасымыз жайлы мәлімет беру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ