Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Ескелді би – даналықтың дариясы»

Дата: 07.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 44
2022 жылдың 7-ші желтоқсанында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде К.Д.Ушинский атындағы № 7-ші орта мектебінің 5 «А» сынып оқушыларына қазақ тарихындағы айтулы тұлғалардың бірі, сан ғасырдан бері есімі халықтың арасында аңыздай айтылып келе жатқан Ескелді би бабамыздың туғанына 330 жыл толуына орай «Ескелді би – даналықтың дариясы» атты тарихи круиз өткізілді. Мақсаты: Абылай ханның үзеңгілесі Ескелді би Жылкелдіұлының өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Дата: 07.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 38
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында «9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай кітапхана оқырмандарымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға ортақ іс» атты таным сғсты өткізілді Мақсаты: Оқырмандарға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру, олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру, парасаттылық, жемқорлық туралы түсініктерін кеңейту, оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу Қорытынды: Шараға № 11 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Жалпы саны 15 адам 3 жаңа оқырман жазылып, 5 кітап оқырмандарға берілді.

Ғажайып туынды

Дата: 06.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 41
Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 2022 жылы желтоқсан айының 06 - шы жұлдызы күні Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай «Ғажайып туынды» тақырыбында «Ақиқат пен аңыз» романын №27 орта мектеп - гимназиясының 8 сынып оқушылары мәнерлеп оқыды. Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Жазушының «Ақиқат пен аңыз» романына тоқталу, Ақиқат пен аңыз - Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі, роман - диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шыққаны туралы айту. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02MXzmMTLBfbHd3nVgeoQ2MGW77wNMZLJVkdaeATttNaQdrVURKxmN3kdBgZGttn2cl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWyEOURd2AjY-vf2kVQAQ4KspWGdk3Qjcj1TnEuw1Jy7ISNBpZCLX0bixdXE47qYYv4RCvsQlc5MXOpkPy5inVWvOaXAPScl-kROogWnQElLZX...

"Адалдық пен әділдік"

Дата: 06.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 42
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 6-желтоқсан күні Мемлекет Басшысының Жолдауын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық пен әділдік» атты пікір алмасу өтті. Мақсаты: балаларды адалдыққа, шыншылдыққа, жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

"Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті"

Дата: 02.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 44
2022 жылдың 2 желтоқсан күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында сторителлинг өткізілді. Шараға №18 мектептің 7 «а» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы С.Ынтымақ оқырмандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беріп, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын себептер мен жағдайларды түсіндірді. Мақсаты: оқырмандарға «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ