Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Дүлділ домбырашы"

Дата: 09.01.2023 Категория: Новости Просмотры: 45
Қаңтар айының 9 күні қалалық №2 кітапхана филиалы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Дүлділ домбырашы» атты ән шашу ұйымдастырды.Мақсаты: Домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән-күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру. Оқушылардың ән-күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап, ойлау қабілеттерін дамыту. Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Дата: 30.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 55
3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2022 жылы 29 желтоқсаны күні «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өтті. Іс-шараға қатысушылар көңілді күйде шыршаны айнала ән салып би биледі. Ертеңгіліктің бүгінгі кейіпкерлеріне арнап бүлдіршіндер, кітапхананың белсенді оқушылары әннен шашу шашып, үйден дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, өз өнерлерін көрсетті. Аяз ата мен Ақшақар ертеңгілікке қатысушыларға Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау,, Аяз атаның, Ақшақардың, Қоянның, Аюдың мерекелік киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас орнату.

Қоғамды дамытудың бірнеше жолдары

Дата: 28.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 32
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2022 жылдың желтоқсан айының айының 27 жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №22 мектептің 7-8 сынып оқушылары арасында«Қоғамның санасын дамытудың бірнеше жолдары»атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Қоғамдық сананы жаңғырту – Қазақстан қоғамын жаңғыртудың діңгегі және бұл өскелең ұрпаққа тікелей қатысты. «Жарқын болашақ тек қана жастардың өздеріне байланысты және олардың қолдарында» екенін айтып жеткізу.

Қош келдің, Жаңа жыл!

Дата: 28.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 41
Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында 2022 жылы желтоқсан айының 28-ші жұлдызы күні«Қош келдің, Жаңа жыл!» жаңа жылдық шырша 3-14 жас аралығындағы балалар арасында өткізілді. Мақсаты:Балаларға жаңа жылдық мереке туралы түсінік беру, балалардың бойында қияли жағдайларды қалыптастыру, зейінін, қиялын дамыту, әндерді, өлеңдерді, билерді үйрету, бөлменің ішін мерекеге сай безендіру.Сонымен қатар,балалар жаңа жылдық шыршаны айналып, өлеңдер айтып, би биледі. Аяз ата мен ақша қарды шақырып, Аяз атаға өздері дайындаған тақпақтарын айтып, өнерлерін көрсетіп, түрлі ойындар ойнады. Аяз ата өнерлерін көрсеткен балаларға сыйлықтарын берді. Шыршаға қатысушылар шырша жанында естелікке суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтарын алып мәз-мейрам болып, үйлеріне тарқасты. Шырша кеші өте көңілді өтті. Шараға 53 адам қатысты. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0cCkrVHAcSfoRLSXgESKz8YSPNneRLQL55nzMbCqyh1WauPpQ3ffSq9KmyimRZknNl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZVmD_LlKnCp...

Кітапханаға кітап сыйла

Дата: 27.12.2022 Категория: Новости Просмотры: 31
Учхоз (ЗВТ) №8кітапхана филиалында 2022 жылы желтоқсан айының 26–шы жұлдызы күні «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Мақсаты: Халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid041Uurq4wLpwUWUc9LcmJEXLYU9wfEDVB8vzXUAVN3QbuvsWJJnKn44hJLfd8dPQ7l&id=100022548073225&__cft__[0]=AZW8iXu3yd3oLmvoQUCCYTu2gi5qWAb8KZjpSDj8b26Qh5bov1as5pOx09-2VG__3AH3EDSexpGDwBihawO5Vwqr6T79t0naMaGJb8298aTYCMXn_6vniwf3WRfn8QgZitMX567dFv6viFf2u_UTZwrLPxrOVInQqa8vd47QLNW8SA&__tn__=%2CO%2CP-R
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ