Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Ғибратты ғұмыр"

Дата: 15.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 42
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 15 ақпан күні көркем сөз өнерiнiң көрнектi өкiлi, қазақтың ақтангер ақындарының бiрегейi, әйгiлi Шал ақынның туғанына биыл 275 жыл толуына орай «Ғибратты ғұмыр» атты тақырыпта тұлғатану сағаты өтті. Шараға №21 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Жастарға шын аты Тілеуке Құлекеұлының жаудан жаны шайлықпас батыр да, дауда орыс, қазақты таңдантқан орақ тiлдi шешен, байыпты туған саясаткер де болып өткен дарабоз екендігі айтылды. Тілеуке Құлекеұлының өмірі мен "Шал ақын"деп танылуы жәйлі ақпарат берілді.

"Бір халық-бір ел-бір тағдыр"

Дата: 15.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 35
Ақпан айының 15 күні қалалық №2 кітапхана филиалы «Қазақстан-2050» стратегиясы бағытында «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» атты ақпарат сағатын өткізді.Мақсаты: Қазақстанда тұрып жатқан 140-тан астам ұлт өкілдерімен тату-тәтті, бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруі, татулық, бірлік, ынтымақ деген сөздердің мағынасына тоқталу.

Қазақ халқының қолөнері

Дата: 15.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 34
2023 жылы ақпан айының 15 - ші жұлдызы күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында «Қызғалдақ» клуб мүшелерімен "Қазақ халқының қолөнері" құрақ құрау сағаты өтті. Мақсаты: Қазақ қолөнеріндегі құрақтың шығу тарихына тоқталу, құрақ түрлерін тігуді меңгерту, қолөнерді сақтап қалып, дәстүрімізді жалғастыру , кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгінгі жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулып тәрбиелеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02DnJtRjpdihSpjsUsjeUVyCQ8UZKgjM4UhLxSjLKUhYTmdqw8LDBua2pJCLuDxj6Kl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUlT2ICaL55s8oYX8RuVTU_Nzgo_5E5rsXIhoI4Fl99GtMWE958_V77UOyEfaNcrEEfn4nRd22jfBOLVNmQ7LyNg1InS1c9THW7vWneJoC1dyaVikyhPuIhYblftoZCpSkHEqnC9tYHdDRu4OQhaMJYiV-jZsdcErQfn-44NEtTrg&__tn__=%2CO%2CP-R

Еліміздің болашағы – жастар қандай болмақ

Дата: 15.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 31
2023 жылы 15 ақпан күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Еліміздің болашағы – жастар қандай болмақ» атты сыр сұхбат өтті. Мақсаты: Жасөспірімдерге мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

“Ауған-сөнген шоқ, өшпес мұра“

Дата: 15.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 39
2023 жылдың 15 ақпанында Талдықорған қалалық орталық кітапханасының оқу залында 15-ші ақпан күні Кеңес Одағының әскері Ауғанстан жерінен шығарылуына байланысты мектеп оқушыларымен «Ауған-сөнген шоқ, өшпес арман» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ