Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Салауатты өмір-денсаулық кепілі"

Дата: 28.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 51
Қалалық №2 кітапхана филиалы ақпан айының 28 жұлдызында «Салауатты өмір денсаулық кепілі» атты библиофреш ұйымдастырды.Мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға бағдар беру.

«Қазақ әдебиетінің хас шебері-Төлен Әбдік» атты бейнеролик

Дата: 27.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 42
2023 жылдың 27 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында заманымыздың заңғар ойлы, зергер зейін¬¬ді, зиялы жазушыларының бірегей жампозы, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған «Қазақ әдебиетінің хас шебері-Төлен Әбдік» атты бейнероликті оқырман назарына ұсынды.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/1360309104745314/

Туған өлке ғажайыптары

Дата: 27.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 83
2023 жылдың ақпан айының 27-де қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде № 2-ші орта мектептің 5 «А» сынып оқушыларымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған өлке ғажайыптары» тақырыбында саяхат сабағы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға туған өлкенің тарихынан сыр шерту, туған жерін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Тұғыры терең Қазақстан

Дата: 27.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 30
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында 2023 жылдың 27 ақпанында еліне асығып, туған жерінің топырағын иіскеу бақытына ие болған қандастарымызға орай кітапханада кітапхана оқырмандарымен «Тұғыры терең Қазазақстан» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақтардың көші- қоны тарихы – өзектілігін жоймайтын тақырып екендігін жеткізу. ХХ ғасырда көші-қон қазақ ұлтының тағдырында шешуші рөл атқарғанын: қазақтар ғасыр басында туған жерінен сыртқа үдере көшуге мәжбүр болса, ғасыр соңында тарихи отанына қайта оралу үдерісі орын алғандығы туралы хабардар ету. Қорытынды: шараға № 11 мектептің оқушылары қатысты 2 жаңа оқырман жазылып, 3 кітап оқырмандарға берілді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері өткені мен бүгіні

Дата: 24.02.2023 Категория: Новости Просмотры: 36
2023 жылы 24-ақпан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Қазақ халқының салт-дәстүрлері өткені мен бүгіні» атты сторителлинг өтті. Іс-шара барысында кітапханашы К.Жұмаділқызы қазақ халқының салт-дәстүріне кең көлемде тоқталды. Сондай-ақ, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін еліне адал қызмет ететін, заман өзгерсе де, ұлттық салт – дәстүріміз ескірмейтіндігін еске салды. Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық дәстүрлерден үлгі алуға баулу, өз ұлтына әдет – ғұрып, салт – дәстүрге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0xpkQeZtCpn8oQuxX3YuxwpKier28WjT2mrFjsSnWxLTJDaK3avEgPxnTZdX81q8Vl&id=100022548073225
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ