Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 09.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 44
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында 9 наурыз күні, Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы, ауыл тұрғыны Ахметова Бақыт өзінің жеке кітап қорынан бірнеше кітаптарды кітапханаға тарту етті. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02iyBpuSNoviufMWZLF1LxcogmPuRvWLzGuWMVTpmTx2yW5quzHqBb1zY9uiwvczi1l&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUXQqpxD03WEA-ig9c4LNTZLUKJcEB92lse7OmHvzPDwtmTTzF2fONPXX0WLCmvjpA_4kWoNrNyqOP3HzyQHgwRwiYlsQITj8cX06nVXgmoww&__tn__=%2CO*F

Ана-өмірдің шуағы

Дата: 09.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 39
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2023 жылы 6 наурыз күні әжелер мен аналарға арнап «Ана-өмірдің шуағы» атты қонақжай кеші өтті. Мақсаты: Оқушылардың аналар мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, анна мен бала арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты маңыздылығы мен анамызды құрметтеу керек екенін түсіндіру, қыздарды құрметтеуге олардың нәзік жанды екендігін көрсету. Шара соңында әжелер ақ тілектерін білдіріп, ақ басатын берді.

"Бір ел-бір кітап" акциясы

Дата: 09.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 58
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, оқуға- танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының шығармаларын ұсыну бойынша наурыз айының 9 күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана қызметкерлері «Парасат майданы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге жазушының жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары: «Әке», «Парасат майданы», «Айтылмаған ақиқат», «Novels», «Разума пылающая война», «Таңдамалы» кітаптары қойылды. Шара барысында кітапханашы А.Асхатқызы жазушының өмірбаяны және шығармашылығына шолу жасап, оқырмандарға құнды мәліметтер ұсынды.

Ана - өмір шуағы

Дата: 07.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 41
2023 жылы наурыз айының 07 - ші жұлдызы күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалының тұрақты оқырмандары Сәт Жібек аналар туралы өз өлең жолдарын оқып, Ғалымжанқызы Үміт «Кеңес» күйін орындап 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне тарту етті. Мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды Халықаралық 8-наурыз мерекесімен құттықтау, жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту, баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0WDj36h3fr5JhxWKwCNicf76LaC58oBVaeEZuszAU5Bi7hpxaKrTZ8vypsZ1HvV8nl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZV6BM1lZ5btti3sMxxuqzLuZY_ktdDOKJ3Tfhq7ghe0kf46aF4sDo-heDCYnGAd6cryoodTHJNW5L6XUaavwMAnfCrcf_U7ItlfUXj9lOWyQDLA0gq8XlQAZW7iblbnK5yg5O1YNg_wK_avzI2YD-Z8pbGSqJ_jfRJUd3iQ2QDI8w&__tn__=%2CO%2CP-R

Ана менің-аялаған ақ гүлім

Дата: 07.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 53
2023 жылдың наурыз айының 7 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапхана ғимаратында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 8 наурыз мерекесіне орай «Ана менің-аялаған ақ гүлім» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараға № 2 орта мектептің 4 «Б» сынып оқушылары, ата-аналары және «Бақ-жұлдыз» медиа орталығының әншілері қатысты. Мақсаты: Оқушылырға 8 наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ананың құдіретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ