Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Ғасыр ғұламасы-М.Әуезов

Дата: 30.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 27
2023 жылдың 30 наурыз күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалынд «Ғасыр ғұламасы-М.Әуезов» ақпарат сағат атты өтті. Мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.

Әже, ертегі оқып беріңізші

Дата: 30.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 48
2023 жылдың наурыз айының 30 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде әжеміз Шара Бөркейқызының қатысуымен «Әже, ертегі оқып беріңізші» атты дауыстап оқу ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандардың ертегі –ойын арқылы интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамдарын дамыту. Қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынас дағдыларына баулу.

"Білімнің күншуағы"

Дата: 30.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 39
Наурыз айының 30 күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалында коворкинг орталығында «Білімнің күншуағы » атты интелектуалды ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Кішкентай оқырмандарымыздың кітапханаға деген ынталарын арттыру, бос уақыттарын тиімді әрі қызықты жұмсауға үйрету.

"Ғасырлар даналығы"

Дата: 29.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 42
29 наурыз күні қалалық №2 кітапхана филиалы Қожа Ахмет Ясауидың туғанына 930 жыл толуына орай «Ғасырлар даналығы» атты ақпарат сағатын өткізді. Мақсаты: Ортағасырлық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге айналған данышпандардың бірі Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен даналығын дәріптеу.

Қазаққа "Қыз Жібекті сыйлаған"

Дата: 28.03.2023 Категория: Новости Просмотры: 45
Наурыз айының 28 жұлдызы қалалық №2 кітапхана филиалы Сұлтанахмет Қожықовтың туғанына 100 жыл толуына орай Қазаққа «Қыз Жібекті сыйлаған» тақырыбында тұлғатану сағатын өткізді. Мақсаты: Кеңестік танымал кинорежиссер, қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ