Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Кітап ФЕСТ-2023" кітап фестивалі

Дата: 21.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 71
2023 жылдың 21 сәуір күні Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 23 сәуір Халықаралықкітапжәнеавторлыққұқықкүніне орай «КІТАП ФЕСТ - 2023» атты кітап фестивалін ұйымдастырды. Шараға Талдықорған қаласының мектеп оқушылары, колледж білімгерлері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кітап фестивалінде қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. Шара шымылдығын Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы ашып, ақыл кені болған кітаптың құндылығына тоқталып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру жайында сөз қозғады. Фестиваль аясында кітапхана қызметкері «Кітаптың шығу тарихы» жайлы қызықты ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар арасында «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды ойыны, «Поэзия пати» көркемсөз жарысы, «Бір ел бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасын талқылау, «Қуыршақтар театры» қойылы...

"Кітап-тарих, шежіре"

Дата: 20.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 34
2023 жылдың сәуір айының 20 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсеті бөлімінде "23 сәуір- дүниежүзілік кітап күніне " орай "Кітап-тарих, шежіре" атты викториналық ойын ұйымдастарылды. Мақсаты: оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

"Кітаппен дос бол"

Дата: 20.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 54
23 сәуір Халықаралық кітаптар күніне орай қалалық №2 кітапхана филиалы сәуір айының 20 жұлдызында «Кітаппен дос бол» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру. Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін,тіл байлығын,ой-өрісін дамыту. Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ұлы дала әуендері

Дата: 20.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 60
Рухани жаңғыру аясында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2023 жылы 20 сәуір күні «Ұлы дала әуендері» атты фольклор сағаты өтті. Мақсаты: Жастарды патриотизмге, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбие беру, қазақ халқының қол жеткізген мәдениетімен таныстыру, Қазақстан халқы туралы этномәдени білімдерін қалыптастыру.

Латын әліпбиі - өмір талабы

Дата: 20.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 54
2023 жылы сәуір айының 20 - шы жұлдызы күні №8 Учхоз (ЗВТ) филиалында жасөспірімдер арасында «Латын әліпбиі - өмір талабы» тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ