Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Дата: 26.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 30
2023 жылы сәуір айының 26 - шы жұлдызы күні «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалының тұрақты оқырманы Егінбаев Талғат Мұхтарұлы өз үйінің жеке кітапханасынан тарихи, филология және өнер саласы бойынша кітаптарын сыйға тарту етті. Мақсаты – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. 1. Асқаров А. «Ұлы Тұранның Ұлдары». 2. «Бөрібай батыр». 3. «Темеш руының шежіресі». 4. Имангазинов М. «Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы». 5. «Жаңа ғасырға - жаңа ән».

Жемқорлық -жегі құрт

Дата: 26.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 32
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 26 сәуір күні «Жемқорлық жегі құрт» атты ақпарат сағаты кітапхана оқырмандарымен өтті. Шараға №21 мектептің 7 сынып оқушылары, Өтенай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында жастарға бүгін де елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырған жемқорлық туралы, онымен күрес, алдын алу туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Шараның мақсаты: Жас ұрпақтың бойына, санасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру.

Нашақорлық-ғасыр дерті

Дата: 26.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 36
3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2023 жылы 26 сәуір күні жасөспірімдер арасында «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты сұрақ-жауап кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы К.Жұмаділқызы адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер туралы, соның ішінде есірткіден сақтану жолдарына тоқталды. Шараға қатысушыларға қойылған сұрақтарға тұжырымды жауаптар алынды. Мақсаты: Жасөспірімдерге адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру, адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02VE6ADys9ecfSLuyktV53A3yXFEEwuMhrQj6yiNPp2JcQ6FEU1ospQbD6bXvsrQqhl&id=100022548073225

"Шоқтығы биік тұлға"

Дата: 25.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 30
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 25 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу мақсатында «Шоқтығы биік тұлға» атты тұлғатану өтті. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02TrasYSRDoBddquqgVHQurnju2ff4vw1s3yqgrBf8pWMsTTWVrphDJKbhys6WbG6Cl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWD8IEApZr683qve_bWDha5IHJ1erVzIl0YL1Y-NfseThqsQGlw42m5iYqpimIWEDEc_seykXFh1PjC_LICra4YLdlmvcqY4hJflqOAM6lRCg&__tn__=%2CO%2CP-R

"Мұрат Мұхтарұлы Әуезов замандарды жалғастырған заңғар"

Дата: 25.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 77
25 сәуір қалалық №2 кітапхана филиалы «Мұрат Мұхтарұлы Әуезов замандарды жалғастырған заңғар» атты танымдық сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: Жас ұрпақты қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әуезовтің өмірі мен шығармаларымен таныстыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ