Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Желбіре, Жеңіс жалауы!

Дата: 03.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 40
2023 жылы мамыр айының 3 - ші жұлдызы күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Желбіре, Жеңіс жалауы!» тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқырмандарға «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, жасөспірімдердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.

"Қарға тамырлы қазақпыз"

Дата: 28.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 33
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 28 сәуір күні «Қарға тамырлы қазақпыз» деген тақырыпта әңгіме сағаты өтті.Шараға Өтенай ауылындағы «Сұлу саз» әжелер ансамбілінің белді мүшесі, қырғыз ұлтының өкілі Диканбаева Гүлмира Бостайқызы, мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында Гүлмира апай қырғыз халқының әдет-ғұрып, салт –дәстүрі, атақты адамдары, ұлттық ойындары мен тамақтары туралы кітапхана оқырмандарына қызықты әңгімелеп берді.Балалар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.

Ынтымағы жарасқан ел

Дата: 28.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 37
2023 жылы сәуір айының 28 - ші жұлдызы күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалы көпшілік оқырман арасында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күніне «Ынтымағы жарасқан ел» тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: «Ынтымақ» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу, бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту, достық қарым - қатынастарын нығайту, татулықта, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.

"Бір ел-бір кітап" акциясы

Дата: 28.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 29
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қалалық №2 кітапхана филиалы 28 сәуір күні Төлен Әбдікұлының кітаптарынан библиофреш ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

«Дауылды жырлардың жалынды жыршысы-Махамбет»

Дата: 27.04.2023 Категория: Новости Просмотры: 44
2023 жылдың 27 сәуір күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының №12 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушыларымен дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлының шығармаларына арналған «Дауылды жырлардың жалынды жыршысы-Махамбет» атты поэзия сағаты өткізілді. Мақсаты: ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру. Ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру. Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу. Шараға 16 оқушы қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ