Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Ерліктің ерен тұлғасы

Дата: 04.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 57
2023 жылдың 4 мамыр күні Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында кітапхана оқырмандарымен Ұлы Жеңіс күніне, Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына орай «Ерліктің ерен тұлғасы» атты ерлік сағаты өткізілді. Мақсаты. Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсенов туралы мағлұмат беру, отанымыздың батырларының ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту

Жеңіс күні

Дата: 04.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 41
2023 жылдың мамыр айының 4 жұлдызында күні бойы Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында кітапханаға келген оқырмандармен 9 мамыр -Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіс күні» атты көрме- диалог өткізілді. Мақсаты; Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту, Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың көрсеткен ерлігімен таныстырып, үлгі тұту

"Қазақстан бірлігі жарасқан ел"

Дата: 03.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 42
Қалалық №2 кітапхана филиалы мамыр айының 3 күні «Қазақстан бірілігі жарасқан ел» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

“ Күй атасы -Құрманғазы ”ақпарат сағаты

Дата: 03.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 44
2023 жылдың 3мамырында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында кітапхана оқырмандарымен күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205-жыл толуына орай“Күй атасы - Құрманғазы”атты ақпарат сағатын өткізді. Мақсаты:Күйшінің өмірімен, шығармаларымен таныстыру ұлттық мұра ретінде сезінуге, күй мәдениетін сақтай білуге үйрету, ұлтымыздың мәдениетінің қадір қасиетін бойларына дарыту. Музыканы тыңдай білуге, өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.Тәрбиелік мәні : рухани-танымдық тәрбие беру, ұлттық өнерді құрметтеу.

"От кешкен жылдар"

Дата: 03.05.2023 Категория: Новости Просмотры: 46
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 3 мамыр күні «От кешкен жылдар» атты тарихи сағат кітапхана оқырмандарымен өтті.Аталмыш шара Қазақстанның халық қаһарманы, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың бір турар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай өткізілді. Шара барысында аңыз атамыздың өмір жолы, ерлік жолы туралы айтылды. Оқырмандар арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырылды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ