Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Қарымы бөлек қаламгер» атты кітап көрмесі

Дата: 04.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 24
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 4 желтоқсан күні «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қарымы бөлек қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Мақсаты: «Жыл кітабы» деп тандалып алынған Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау.

«Ана тілім-дана тілім, бақ тілім!» викториналық ойын сайысы

Дата: 03.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 38
2024 жылы 1 желтоқсан күні қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Айналайын» балалар үйінің оқушыларымен «Ана тілім-дана тілім, бақ тілім!» атты викториналық ойын сайысы өткізілді. Сайыста оқушылар екі топқа бөлінді. Бірінші топ «Дана» және «Дара» тобы. Сайыс барысында бірінші кезеңде тіл туралы мақал – мәтел айтылса, екінші кезеңде оқушылар жасырылған жұмбақтың шешуін тауып, жауабын үш тілде айтып берді. Әрбір оқушы өздерінің білетіндерін ортаға салып, белсенділік таныта білді. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағнасын түсінуге баулу қалыптастыру,еңбекқорлыққа,адамгершілікке,өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Шараға 19 оқырман қатысты.

«Сақтан СПИД деген қатерден» атты ой-толғау

Дата: 03.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 25
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 3 желтоқсан күні СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Сақтан СПИД деген қатерден» атты ой-толғау өткізілді. Мақсаты: СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру. Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.

«Тау тұлғалы Тұрар Рысқұлов» библиофреш

Дата: 02.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
2024 жылдың 2 желтоқсан күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Тау тұлғалы Тұрар Рысқұлов» атты библиофреш өткізілді. Кітап көрмеге Қазақстан. Ұлттық энциклопедия 7-том, көрнекті жазушы Ш. Мұртазаның Т. Рысқұлов туралы жазылған «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» «Қыл көпір» тарихи деректер негізінде жазылған кітаптары қойылды. Мақсаты: Қазақ елінің көрнекті тұлғаларының бірі - Тұрар Рысқұловтың өмір мен еңбек жолын таныстыру, оның арман мұраты тәуелсздікке жету екенін дәлелдеу, елі мен жеріне, ұлты мен халқына, қала берді күллі түркі дүниесіне жанашырлықпен қараған іс – әрекеттерін зерделеп, оқушылырға таныту, оның адамгершілік қасиеттері арқылы оқушылардың бойына Отанын, халқын, жерін сүюге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/share/p/yZFUbv2DnHwNtCJc/ https://www.instagram.com/p/DDErttCI-sr/?igsh=MWx4OW9pdzZmaHNh https://v...

«СПИД – ғасыр дерті» шок – сабақ

Дата: 02.12.2024 Категория: Новости Просмотры: 20
1 желтоқсан – «Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне» байланысты 2024 жылдың желтоқсан айының 2 күні қалалық № 2 кітапхана филиалында Талдықорған қаласының Заң колледжінің 2 курс студентерімен «СПИД – ғасыр дерті» тақырыбында шок – сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп турған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқырмандарды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. https://www.facebook.com/share/p/5QjrPBFMUgV8JzAe/ https://www.instagram.com/p/DDcELd2Ivci/?igsh=MTAxbG1hcG4xMnRibg== https://vk.com/wall452366377_3621
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ