Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Кітапханаға кітап сыйла" акцисы

Дата: 08.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 31
Құрметті оқырмандар ‘’Кітапханаға кітап сыйла’’ акциясы жалғасуда. "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы аясында кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, кітап мәртебесін көтеру, жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының тұрақты оқырманы Төлек Тәуке кітапхана қорына түрлі тақырыптағы туындыларды сыйға берді. Егерде акциямызды қолдап, кітаптарыңызға екінші өмір сыйлағыңыз келсе, сіздер үшін кітапхана есігі ашық. Біздің мекен-жайымыз: Жастар ш/а 9А

Жолдауға қолдау

Дата: 07.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 26
2023 жылдың 7 қыркүйегінде қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына орай ұйымдастырылған "Жолдауға қолдау" атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Мақсаты: Мақсаты: оқырмандардың саяси сауатты болуына ат салысу, оларды өз елінің патриоты болып өсуге тәрбиелеу. Көрмеге мерзімді басылымдар бетінде жарық көрген жолдау және ол туралы жазылған пікірлер, сонымен қатар бірқатар саяси әдебиеттер қойылды. Кітапханашы С.Тукенова оқырмандарға жолдаудың бағыттарын тереңнен түсіндірді.

"Кітапханаға кітап сыйла"

Дата: 06.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 25
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Қапанов Дамир 6 қыркүйек күні «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына атсалысып кітапхана қорына көркем әдеби кітаптардан бірнеше кітап сыйға тартты. https://www.facebook.com/profile.php?id=100022548073225&__cft__[0]=AZUJYNsiWHWQlF284OL0E9efBmO5LhyFVV3VUeJKeq_Ns98VhyAjT9N_XV6LmGpKqBJHTzl5pLP7e8xuDZN86M_vdsMPX-sPnc-2ozHjxog&__tn__=%3C%3C%2CP-R

"Коворкинг" орталығы, "Кітапхана білімнің шам-шырағы"

Дата: 06.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 28
2023 жылғы 6қыркүйектеЕңбек ауылдық №4 кітапхана филиалындабалалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану барысында, «Коворкинг» орталығында«Кітапхана білімнің шам-шырағы»атты отырыс өтті.Мақсаты:Кітап арқылы өнерге деген құштарлықтарын ояту, «Коворкинг» орталығында балалар тек кітап оқумен ғана шектелмей сүйікті істерімен, яғни тоғызқұмалақ, шахмат тағы басқа ойындар ойнап, өздеріне қажетті ақпараттарын ала алды.

Отбасы – бақыт мекені

Дата: 06.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 32
2023 жылы қыркүйек айының 6- шы жұлдызы күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында 15 қыркүйек отбасы күніне орай көпшілік оқырман арасында «Отбасы – бақыт мекені» - тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы- Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0qbATvF3rERBJvKyd9VCt7kEcX6oqmNcYqsSPknJS3f5jardSbdE6VgKe3Q4KaxWPl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWUKpGVDq9s4DTp3F5zcpnoPNsQaJiGd8FGG03vNN7ahzUWiaCByb5dXFoUvuaEI9icXY1G7eskI3zgjkkE5Ph0G2gHy0Oc5V0-eSsPFOkSFU1xhPIilA-glHjhpjPqKjdFSBvFCC0ry6I4ajIU5N0TId8gE7kaYzW64iHsFSsCpA&__tn__=%2CO%2CP-R
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ