Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Ауғанның отты жалыны» атты ақпарат сағаты.

Дата: 12.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 28
2025 жылғы 12 ақпан күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында 15 ақпан - Интернационалист - жауынгерлерді еске алу күніне орай «Ауғанның отты жалыны» атты ақпарат сағаты көпшілік оқырмандар арасында өтті. Мақсаты: Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

"Бөрілі менің байрағым" әдеби сағат

Дата: 11.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 22
2025 жылғы 11 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында айтыс өнерінің майталманы Сүйінбай Аронұлының туғанына 210 жыл толуына орай, инновациялық колледж студенттері атсалысуымен «Бөрілі менің байрағым» атты әдеби сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында Сүйінбай Аронұлының өмірбаянына шолу жасалып, ІІІ курс студенттері Өтеулі Аяна мен Бейл Айдана «Сұраншыға» және «Жұмыққа» атты өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, шара барысында «Тұлғаны тап» ойыны ойнатылып, соған қатысты сұрақтар қойылып,Сүйінбай Аронұлының кітаптарына шолу жасалды. Әдеби сағатымызды қорытындылау мақсатында инновациялық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кабазова Риза Набиқызына сөз берілді. Кешімізді ІІІ курс студенті Әлімбек Гүлнұрдың орындауында «Домбыра» атты әсем әнмен аяқтадық. Шараға 18 адам қатысты.

«Жол ережесін есте сақта» тәрбие сағаты

Дата: 10.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 27
2025 жылы 10 ақпан Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Жол ережесін есте сақта» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

«Еңсесі биік -Ұлы Жеңіс» кітап көрмесі

Дата: 10.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 40
2025 жылғы 10 ақпан күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай «Еңсесі биік - Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды. Мақсаты - Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұрпақ жадында сақтау, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттай отырып, Отанын, елін, жерін сүйетін патриотты ұрпақ тәрбиелеу. https://www.instagram.com/reel/DF4iKITITOI/?igsh=MW1nc3kzZDhlOTBmbA==

«Жұматай жыры мәңгілік» еске алу кеші

Дата: 07.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 28
2025 жылғы 7 ақпан күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында поэзия әлемінде өзіндік биік орны бар, жерлес ақын Жұматай Жақыпбаевтың 80 жыл толуына орай «Жұматай жыры мәңгілік» атты еске алу кеші өткізілді. Мақсаты - ақын, қоғам қайраткерінің өнегелі өмір жолын, өскелең ұрпақ өнеге тұтып, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру, жастардың кітап оқуға құлшынысын ояту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулу. https://www.instagram.com/p/DFwvhGoDIU/?igsh=cHA0YmVqaGQxOWt1
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ