Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Жетті желмен алтын күз»

Дата: 16.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 30
Қалалық орталық балалар кітапханасы жоғарғы сынып оқушыларына кызмет көрсету бөлімінде 2022 жылдың 16 қыркүйегінде «Жетті желмен алтын күз»атты жапырақтардан жапсырма жасау сабағы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың творчествалық талантын ашу, оларды көркем еңбеккке баулу. Кітапханашы С.Ынтымақ оқырмандарға көркем еңбектің қыр-сырын түсіндіріп, күзгі жапырақтардан керемет туындылар жасап үйретті.

"Кітап тайм - 2023" жалпы республикалық кітап фестиваль

Дата: 15.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 108
2023 жылдың 15 қыркүйек күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Кітап тайм-2023» жалпы республикалық кітап фестивалі өткізілді. Шараға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері төс белгісінің және Талдықорған қаласының «Құрметті» азаматы Кендебай Темірбайұлы, кино және театр актрисасы, Қазақ КСР Халық артисі, Алматы облысының Құрметті азаматы, Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының жоғарғы санаттағы артисі, "Құрмет" орденінің иегері Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Сайлау Қожағұлов, жас ақын Азамат Нұрмұқан, Талдықорған қаласының №16 орта мектептің 8 сынып оқушылары, Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық “Жас актер” ұжымы және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кітап фестивалінде қатысушыларға қызыққа толы бағд...

«Мен отбасымен мақтанамын»

Дата: 15.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 33
2023 жылы 15 қыркүйек Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Мен отбасымен мақтанамын» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелер арасындағы бауырмалдық достық, қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.

"Дәуірдің дара тұлғасы-Мұрат Әуезов" ақпарат сағаты

Дата: 14.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 47
2023 жылдың 14 қыркүйегінде В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, қазақтың заңғар жазушысы Мұрат Әуезовке арналған «Дәуірдің дала тұлғасы-Мұрат Әуезов» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Көрнекті қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым, жазушы Мұрат Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы еңбектері жайлы оқушыларға кең көлемде мағлұмат беру. Ұрпаққа берер үлгісі мол ұлт жанашырын ұлықтау мақсатында өткізілген шараға мектеп оқушылары қатысты. Ақпараттық сағат барысында оқушылар бейнематериалды көріп, талқылап, шығармаларынан үзінділерді жатқа айтты.

Тіл - ата-баба аманаты

Дата: 14.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 31
2023 жылғы 14қыркүйектеЕңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында«Тіл – ата-баба аманаты» атты шешендікке баулу сағаты №22 мектептің 5-6 сынып оқушылары арасында өтті. Мақсаты:Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ