Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Кітапхана ауыл өмірінде» атты либмоб акция-кеші

Дата: 14.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 23
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 14 ақпан күні «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Кітапхана ауыл өмірінде» атты либмоб акция-кеші өткізілді. Мақсаты: Ауыл тұрғындары арасында ауылдық кітапхананы насихаттау, мәртебесін көтеру, кітапханаға кеңінен оқырман тарту. Кітапханаға баратын жолды білетін адам тәтті алады. Ал білмейтін адамдар үшін кітапхананың мекен-жайы мен байланыс ақпараты айтылады. Акция кітапханаға баратын жол туралы ауыл тұрғындарының блиц-сауанамасына негізделген. Көңілді экшн-ойын кітапхананың имиджін арттыратыны сөзсіз.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Дата: 14.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 25
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 2025 жылғы 14 ақпан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының тұрақты оқырмандары Молдагулова Алия, Матвиенко Варвара, Есимбеков Даурен «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында М. Жүніс-Бектің «Чернобыльдың тірі қалқаны», Ә.Таразидың «Кен», Алматы облысының жол сілтемесі», К.Токаевтың «Последний удар», М.Твеннің «Приключения Тома Сойера», «Казахские народные сказки», Ю.Томиннің «Карусели над городом», П.Маардың «Семь суббот на неделе и в субботу субботник вернулся» Б.Шергиннің «Сказы и сказки», Ю.Давыдовтың Капитаны ищут путь» тағы басқа өздері оқыған жеке кітап сөрелеріндегі кітаптарын кітапханаға сыйға тарту етті. https://www.instagram.com/reel/DGCs_pZIyIe/?igsh=YWpvYWNmcWg3Nzhi

"Әнуар Әлімжанов әлемі" мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 13.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 54
2025 жылғы 13 ақпан күні Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында № 11 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен қазақ жазушысы Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай "Әнуар Әлімжанов әлемі" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа қатысқан балалар Алғыс хатпен марапатталды. Мақсаты: Әнуар Әлімжановтың өмірбаянымен шығармашылығымен таныстыру, кітапхананы насихаттап, кітап оқуға баулу. Шараға 26 бала қатысты https://www.instagram.com/reel/DGAGdgLxP6J/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.facebook.com/100022548073225/videos/1022041976404709/

дін және терроризм

Дата: 13.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 28
2025 жылғы 13 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында кітапхана оқырмандар арасында «Дін және терроризм» тақырыбында ақпараттық сағаты өтті. Шара барысында діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтірілген. Ұлытау облысының терроризмнен қорғану жолдары туралы видеоролик көрсетілді. Мақсаты: Оқырман қауымға қоғамдық сана мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру, отан сүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баулу. Шараға 25 адам қатысты.

Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Дата: 12.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 32
2025 жылғы 12 ақпан күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №18 орта мектептің 7 «Г» сынып оқушыларымен «Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты ақпараттық сағат өтті. Шараға 37 бала қатысты. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу; Оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйретіп, патриоттық тәрбиеге баулу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ