Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Құрметтеймін қартымды!

Дата: 02.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 37
1қазан-Халықаралық қарттар күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалы ұжымының ұйымдастыруымен 2023 жылы 28 қыркүйек күні «Құрметтеймін қартымды!» деген тақырыпта ауылымыздың ата-әжелері және мектеп оқушыларының қатысуымен қонақжай кеші өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, салт-дәстүрінен нәр, аталы сөзден ғибрат алуға баулу, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/CxuWHq1tQ0k/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

"Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария" ақпарат сағаты

Дата: 02.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 65
Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. Біздің мемлекетіміз қарттарды қатты құрметтейді. Оларға үлкен құрмет көрсетіп, жан-жақты қамқор болады. Осы орайда, 2023 жылдың 01 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында кітапхана оқырмандарымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: қарттарымызға көңіл бөлу, оларды қуанышқа бөлеу. Жақсы тілектер тілеу. Шараға 18 адам қатысты.

Қарттарым-асыл қазынам

Дата: 29.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 40
2023 жылдың қыркүйек айының 29-да қалалық № 2 кітапхана филиалы 1 қазан қарттар күніне орай № 25 орта мектептің оқушыларымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты әңгіме сұхбат өткізді. Мақсаты: 1 – қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/Cxx1_Svtbol/?igshid=NzZhOTFlYzFmZQ==

"Төлен Әбдіков - теңдессіз суреткер"

Дата: 29.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 42
2023 жылдың 29 қыркүйегі күні қалалық орталық балалар кітапханасы#2орта мектептің 8 "ә" сынып оқушыларымен "Төлен Әбдіков - теңдессіз суреткер" атты портрет кешін өткізді.Мақсаты: оқырманды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оларға "Бір ел - бір кітап" акциясы жайлы айта отырып, кітап оқуға, кітапханаға шақыру.

«Сүйікті кітаппен селфи»

Дата: 29.09.2023 Категория: Новости Просмотры: 70
2023 жылдың 29 қыркүйегінде қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Тәтті кітап жобасы» аясында «Сүйікті кітаппен селфи» атты кітап жарнамасы өтті. Шараға мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-4 сынып оқушылары қатысты. Шараның шарты бойынша оқырман өзінің сүйікті кітабымен суретке түсу керек және бұл кітаптың неге ең сүйікті шығармасы екенін айтуы шарт. Қатысушылар сүйікті кітаптары туралы қызықты және шынайы әңгімеледі. Осы іс-шарамен кітапхана қызметкерлері бірнеше мақсатқа қол жеткізіп, оқушылар арасында кітап пен кітапханаға жарнама жасалды. Мақсаты: әр түрлі жастағы оқырмандар арасында кітап пен кітап оқуды насихаттау, оқырмандарды кітапханаға тарту.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ