«Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» тарихи сағат
Дата: 13.12.2024
Категория: Новости
Просмотры: 26
2024 жылдың 12 желтоқсан күні қалалық орталық кітапханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік құру және мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы туралы білімді қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, туған елдің тарихына қызығушылықты арттыру. Аталмыш шараға ғылым кандидаты, инженер-конструктор, Ақсу ауданының құрметті азаматы, Жетісу облысы қоғамдық палатасының төрағасы, жауынгерлік самбодан спорт шебері Нұрлан Құдайбергенұлы Айшымбаев және Талдықорған қаласының аграрлық-технологиялық колледждің студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Мерекелік іс-шара «Талдықорған әуендері» ансамблінің әншісі Гүлім Қуатбектің ән шашуымен басталып, шараның алғашқы сөз кезегін алған кітапхана директоры Күлпан Сейтжанова құттықтау сөз сөйледі. Ары қарай шара қонағы Нұрлан Құдайбергенұлы...