Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Тарихи мұра-мәңгілік байлық" атты кітап көрме

Дата: 17.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 47
2023 жылдың қазан айының 17-күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың «Алау» коворкинг орталығында мектеп оқушыларымен «Тарихи мұра-мәңгілік байлық» атты кітап көрмесі өткізіліп, оқырмандарға халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпаққа жеткен, мысалы: халық әні, халық жыры, күй, ертегілер, аңыздар және тағы басқа халық тағылымдарының жиынтығы болатын «Даналықәліппесі» атты электрондық кітабы таныстырылды. Көрмеге 15 оқушы қатысты.

Нашақорлық - қоғам дерті

Дата: 17.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 46
2023 жылдың 17 қазанында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында оқырмандармен «Нашақорлық - қоғам дерті» атты айстоппер өткізілді. Мақсаты: Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, есірткіадам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Шараға 24 оқырман қатысты. https://www.facebook.com/photo/?fbid=1538068650288056&set=a.110356533059282&__cft__[0]=AZX7N5oNe6BFbTi0LqOpkN3nNy87wsMKihKLnuCG7qIXqorBQDTCvtgSCbNlNre40bp1cyaSTHy8X8N0qaqnRh2ua_ImLOwKkX

«Шығамын тірі болсам адам болып»

Дата: 17.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 32
2023 жылдың 17 қазанында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақын, ағартушы Сұлтанмахмут Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Шығамын тірі болсам адам болып» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмут Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оны бүгінгі жас ұрпақ үлгі тұтып, болашақта ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.

Түрлі бұйымдар жасау

Дата: 16.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 42
2023 жылғы 16 қазан күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында «Қызғалдақ» клуб мүшелерінің қатысуымен «Түрлі бұйымдар жасау» атты пластилинмен жұмыс сағаты өтті. Мақсаты: балалардың пластилинмен жұмыс істеу техникасын жетілдіру, бейнелі ойлауды, шығармашылық қиялды дамыту. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02TpcBumRKcx1kswkiQrGbzHSkC2Queex6Hvsy3mTVJoDKxAyv9iVqVp99ti9mdQtKl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWZj4I504ORsesF12jeg1eAcOxM2aXYTTOxvI7HXzcGXg3pOmMY0580GVPGdRWQuzJtI9NB1Fhk10HqhtT-jiQDRBb8_-qJoQVvFqgZJFPWg2z6naiuNgJU11IvidO5XTQ0EKzPboy_QV9Q_eIz3EPppEulEhEA2Y6YldBqbzk_Jw&__tn__=%2CO%2CP-R

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Дата: 16.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 34
2023 жылғы 16 қазанда Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында оқырмандармен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты строителлинг өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдармен таныстыру, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін жетілдіру, қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу. Шараға 30 адам қатысты https://www.facebook.com/photo/?fbid=1537495303678724&set=pcb.1537495530345368&__cft__[0]=AZWg0m-hUxiDJIjyDCcdmiipOr
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ