Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Егемен елім менің"

Дата: 20.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 31
2023 жылдың 20 қазанында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 25 қазан - Республика күніне арналған "Егемен елім менің" атты интеллектуалды ойын өткізілді. Кітапханашы С.Ынтымақ шараның басында оқушыларға Республика күні жайлы, мерекенің тарихы мен маңызы туралы мәлімет беріп, одан кейін оқушыларды 2 топқа бөліп, оларға 5 кезеңнен тұратын қызықты ойын ойнатты. Ойын соңында оқушыларға алғыс хаттар табысталып, сынып жетекшісі Қ.Сәрсенова кітапханашыларға өз алғысын айтып, мерекемен құттықтады. Мақсаты: оқушылардың бойында патриоттық рухты ояту, оларды Отансүйгіштікке баулу, интеллектуалды ойын арқылы алғырлыққа үйрету, топтық жұмыс арқылы достыққа, ұйысшылдыққа тәрбиелеу.

"24 қазан - Кітапханашылар күні" мерекесіне орай салтанатты жиын

Дата: 19.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 48
2023 жылдың 19 қазанында Талдықорған қаласының Тіл сарайында «24- қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, облыс кітапханалары арасында кітапхана ісін дамытуда қосқан үлесі үшін «Үздік кітапхана» номинациясымен «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі марапатталды. Бұл кітапхана басшысы К.Сейтжанова бастаған кітапханашылар үшін үлкен қуаныш болды. Марапат басшымыздың зор еңбегінің арқасы деп білеміз. Адамзаттың бүкіл дамуы барысында қалыптасқан ақыл-ой, рухани жетістіктерін жүйелі түрде жинақтап, сақтау, оны халық игілігіне жаратуда кітапхана қызметкерлерінің үлесі зор! Сіздерге зор денсаулық, отбасылырыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз! Марапат құтты болсын! Аталмыш мерекені ұйымдастырып, кітапханашыларға қолдау көрсеткен облыс басшысы мен Жетісу облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасына, Жетісу орталық С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапханаға алғысымыз шексіз.

"Сұлу сөздің саңлағы" тақырыбында ақпарат сағаты

Дата: 19.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 42
2023 жылдың қазан айының 19 күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының туғанына 85 жыл толуына орай №12 орта мектеп оқушыларының қатысуымен ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттап, туындыларын оқырмандарға кеңінен таныстыра отырып, жазушының шығармалары арқылы қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету мақсатында «Сұлу сөздің саңлағы» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығынан мәліметтер берілді. Сондай-ақ ақынның кітаптарынан жұмбақтар жасырылып бүлдіршіндер жарыса жауап берді. Ақынның адалдық, ізгілік, достық, өнер-білімге шақыратын шығармалары бүлдіршіндердің санасын одан әрі жетілдіріп, білімдерін шыңдай түсті.

"Т.Әбдіков шығармаларын оқимыз"

Дата: 18.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 41
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 2023 жылдың 18 қазан күні «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында«Төлен Әбдіков шығармаларын оқимыз» атты бук-слэм кітапхана оқырмандарымен өтті. Мақсаты: жастарды кітап оқуға шақыру.

Андас Қ. "Бекзат өмір"

Дата: 18.10.2023 Категория: Новости Просмотры: 34
Бекзат өмір: (ғұмырнамалық көркем еңбек) / З. Әмірғалиева Қ. Андас– Талдықорған : Офсет, 2020. - 287 б.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ