Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Құрақ қырау өнері»

Дата: 23.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 36
2023 жылдың 23 қарашасында Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында клуб мүшелерінің қатысуымен «Құрақ қырау өнері» сабағы өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойындағы қабілет пен дарынды зерттеу және дамыту арқылы, тиянақтылыққа, табандылыққа тәрбиелей отырып, бұйым жасаудың тиімді әдіс - тәсілдерін, технологиясын пайдалануды игерту арқылы шеберлігін арттыру.

" Сақташы, өміріңді, жарқыным "

Дата: 23.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 70
2023 жылдың 23 қарарша күні қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Сақташы, өміріңді, жарқыным» атты сұрақ жауап кітап көрме инсталляциясыұйымастырылды. Кітапханашы Л.Дайрабаева оқушыларға жолда дұрыс жүре білу – адам денсаулығының, өмірінің, қауіпсіздігінің кепілі екенін түсіндіріп, оқушыларға кітап көрмесінде тұрған кітапшалардан әңгіме мен өлеңдерді оқып, көрмедегі тапсырманы орындауға болатынын айтып өтті. Бұл ойын балаларға қатты ұнап, өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарға кітаптардың ішінен жауаптарын тапты. Инсталляцияға кітаптар, жол жүру ережесі, жол белгілері, бағдаршам туралы түрлі суреттер, нақыл сөздер,сұрақтармен көрнектелді.Шара соңында оқушылар көше мен жол тәртібін жақсы біліп, ережені бұлжытпай орындауға уәде берді. Мақсаты: Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету. Бағдаршаммен және оның қызметі, жол белгілері жайында танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларды мейрімд...

Айтыстың ақ берені

Дата: 22.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 35
Өтенай ауылдық № 5 кітапхана филиалында 2023 жылдың 22 қарашасында ақын, сазгер Сара Тастанбекқызының туғанына 170 жыл толуына орай кітапхана оқырмандарымен «Айтыстың ақ берені» атты поэтикалық марафон өтті. Мақсаты: жастарға айтыс өнері туралы мәлімет беру, түрлерін таныстыру, айтысты насихаттау. Тапқырлыққа, шешендікке баулу. Сөз өнерін дамыту. https: //www.facebook.com/profile.php?id=100022548073225&__cft__[0]=AZW6naD_e1fObxfiRm5CwH45F9Wy-dfDxTIoQ6YKtICGK6OHiLihBDxysMidmSrzOLfrGWGYR8x0_aJnqByZ24Bmks06Hb4HH2HuWj2GiTO__A&__tn__=%3C%3C%2CP-R

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 22.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 40
Құрметті оқырмандар ‘’Кітапханаға кітап сыйла’’ акциясы жалғасуда. "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы аясында кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, кітап мәртебесін көтеру, жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында кітапхана қорына ақын, журналист, жазушы, тарихшы, өлкетанушы, ғылым магистрі Қажет Андас «Өткені ерен, келешегі кенен Еркін» атты кітабын сыйға тартты. Егерде акциямызды қолдап, кітаптарыңызға екінші өмір сыйлағыңыз келсе, сіздер үшін кітапхана есігі ашық. Біздің мекен-жайымыз: Жастар ш/а 9А

Адамзат таныған Шәкәрім

Дата: 22.11.2023 Категория: Новости Просмотры: 31
2023 жылдың 22 қарашасында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Адамзат таныған Шәкәрім» ақпарат сағаты өткізілді.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ