"Ұлы даланың ұлылары"
Дата: 17.01.2025
Категория: Новости
Просмотры: 13
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 17 қаңтар күні "Ұлы даланың ұлылары" атты кітап көрмесі жасақталып, кітапхана оқырмандарына библиографиялық шолу өткізілді. Көрменің мақсаты: Оқырмандарға қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу. Көрмеде «Ұлы даланың Ұлы тарихы», «Қазақ хандары», «Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары» және т.б. әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге әдебиеттер мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, дәйек сөздер, суреттер қойылды