Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Қағаздан гүл жасау» қолөнер сағаты

Дата: 27.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 19
2025 жылғы 27 қаңтар күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында«Мерей»қолөнер клубы мүшелері«Қағаздан гүл жасау»тақырыбында қолөнер сағаты өткізілді. Клуб мүшелерініңқатысуыменмайлық қағаздан гүлдержасап үйрендік.Мақсаты:Оқушылардыңой ұшқырлығын және білімдерін жетілдіру, жасалу жолдарын үйрету,еңбек сүйгіштікке баулу. https://www.instagram.com/reel/DFU-wMLIVxO/?igsh=NnMyY2g5NW5kYmIz

«Ұлты ұлықтаған жазушы» кітап көрмесі

Дата: 24.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 21
2025 жылғы 24 қаңтар күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлты ұлықтаған жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – І. Есенберлиннің шығармашылық мұрасын дәріптеу, жазушының қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін оқырмандарға таныстыру, Отанға, жерге, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және мәнерлеп оқуға баулу. https://www.instagram.com/reel/DFNEVm7oofZ/?igsh=MXZjZDR5Y2k5a2xubQ==

"Шабыты туған жерден нәр алған" поэзия сағаты

Дата: 24.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 18
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 2025 жылдың 24 қаңтарында«Шабыты туған жерден нәр алған»ақын Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай поэзия сағаты №21 мектептің 5 «ғ» сынып оқушыларымен өтті. Мақсаты:Жұматай Жақыпбаевтың шығармашылығын насихаттау, поэзия әлеміндегі ерекше қолтаңбасын таныту, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру. Шара барысында оқырмандарға ақынның өмір жолы, шығармашылығы және қазақ әдебиетіндегі орны жан-жақты таныстырылып ақын жәйінда естеліктер айтылды. Оқушылар оның жүрекке жылы тиетін, сыршыл өлеңдерін оқыды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/1313853326425047/ https://www.instagram.com/reel/DFM-6d7xAOu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

"Ертегіші" клубының 2 отырысы

Дата: 23.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 27
2025 жылғы 23 қантар күні қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Ертегіші» клубының екінші отырысы ұйымдастырылды.Мақсаты: балалардың оқу қызығушылығын дамыту. Оларды клуб жұмысына тарту арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту.

"Жаса, тәуелсіз Қазақстаным" кітап көрмесіне шолу

Дата: 22.01.2025 Категория: Новости Просмотры: 28
2025 жылғы 22 қаңтар күні қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Жаса, тәуелсіз Қазақстаным!» атты тұрақты кітап көрмесіне шолу өткізілді. Мақсаты: оқушыларды елімізді, жерімізді қадірлеу,сүюге тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ