Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Бір ел - бір кітап" республикалық акция

Дата: 06.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 35
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 6 ақпанында "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін, Бердібек Соқпақбаевтың қазақ балалар киносындағы классикалық туындысы "Менің атым Қожа" атты фильмі талқыланды. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.

«Мұқағали мәңгілік ғұмыр» поэзия кеші

Дата: 06.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 34
6 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен 9 ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кешін өткізді. Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне,жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетіліп, оқушылар «Ей өмір», «Ғашықпын», «Үш бақытым», «Дос болам десең» өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар Әжелер ансамбілінің әншісі Шара Бөркеқызы М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап шараның көркін келтірді. Шараға 18 оқырман қатысты.

Ұлттық ойын - халық мұрасы

Дата: 06.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 55
2024 жылдың 6 ақпан күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында «Ұлттық ойын - халық мұрасы»-атты ақпарат сағаты көпшілік оқырман арасында өткізілді. Мақсаты: Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.

Нүсіп Алмас "Түтінің өшпесін"

Дата: 06.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 34
Түтінің өшпесін [Мәтін] / А. Нүсіп ... – Алматы : Кітап баспасы, 2019. - 159, [1] б.

Нұрпейс Әбді-Жәмил "Шығармалары"

Дата: 06.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 34
Шығармалары [Мәтін] / Ә. Нұрпейс- Алматы : Қазығұрт , 2019, - 4-т., 3-кітап . Қан мен тер : Күйреу– 382, [1] б., [5] п. сурет . (мұқ.).
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ