Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Үш жүздің шешіресі" атты кітабы

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 51
Қазақ халқы Ұлы, Орта, Кіші жүзден құралады. Ел ішінде Үш жүз ұғымының қайдан шыққаны туралы нақты дерек жоқ. Кейбірі тарихи еңбектердегі мәліметке сүйенсе, енді бірі аңызға негізделген.

Файзолла, А. Жүрек - аспанымның жұлдызы: өлеңдер, балладалар, аудармалар

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
Файзолла, А. Жүрек - аспанымның жұлдызы: өлеңдер, балладалар, аудармалар / А. Файзолла. – Алматы : Дәуір, 2022. – 144 б Автор бұл жыр кітабында өзіндік қолтаңбасымен танылады. Өлеңдерінде, балладаларында, аудаармаларында қандай тақырыпты көтерсе дн сол мәселенің түп-тамарына барынша баруға, маңыздылығын мейлінше жан-жақты ашып көрсетуге бар болмысымен ұмтылады. Автордың осындай ізденімпаздығы оқырманның жан сарайын сүйсінтіп, кітаптың құндылығын арттыра түседі. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Ж.Шағатайдың "Бірінші сыныптың баласы" атты шығармасы

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 66
Бірінші сыныптың баласы [Мәтін] : [хикаяттар, әңгімелер] / Ж. Шағатай ... – Алматы : Балалар әдебиетi, 2023. - 237, [1] б. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату" кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді . . – 3000+150 дана – ISBN 978-601-252-154-2 (мұқ.) : 1740 тг.

Шаймерденұлы, Е. Елтаным: тарихи-философиялық рәмізбаян.

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 50
Шаймерденұлы, Е. Елтаным: тарихи-философиялық рәмізбаян / Е. Шаймерденұлы. – Алматы: Алматы - Болашақ, 2022. – 320 б. Ел –ұлттық дүниетанымымыздағы ұлы ұғымдардың бірі. Арғықазақ сөзінен бастап күні бүгінге шейін еш өзгеріссіз қауым,қағанат, ел-жұрт,Отан,мемлекет мағынасында қолданылып келеді. Елдік мінез, елдік дәстүр, елдік намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді рухани құндылықтардың өзегі де-осы сөз, осы ұгым. Кітапт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы жанжақты ғылыми-көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, елдік аңсарларға сүйіспеншілік және отаншылдық сезімдерін оятуға бағытталған. Тілі-шұрайлы, ділі- таза, діңі – мықты. Елдігімізге қатысты кең мағлұмат беретін терең интеллектуалдық еңбек деп бағалауға лайық тунды. Жүрек қайнарында суғарылған сөзім сөзі ретінде ажарлы hәм әсерлі.

"Парақ тайм-2024" кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты

Дата: 07.02.2024 Категория: Новости Просмотры: 52
2024 жылғы 7 ақпан күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Шара Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі сырнайшыларының «Ауылдағы той» атты әнімен ашылды. Жәрмеңке рәсіміне Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Ә.Алинов қатысып, қала тұрғындарының оның ішінде жастар мен жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды. Қонаевтанушы, филолог, профессор, Қонаев музейінің меңгерушісі Х.Есдәулетова және «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, ақын Мұхтар Күмісбек, ақын Азамат Нұрмұқан, Еркін ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Т.Ізбасаров жәрмеңке қонақтары мен кітап жанашырларына жылы лебіздерін білдіріп, кітапхана қорына кітаптарын сыйға тартты. Кітап жәрмеңкесіне «Атамұра», «Асыл қ...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ