«Әлемдік ойдың алыбы» тарихи круиз
Дата: 06.02.2025
Категория: Новости
Просмотры: 21
2025 жылғы қалалық орталық кітапханасында 6 қаңтар күні Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы атанған ойшыл, философ, социолог, астроном, математик, ботаник, физик, әрі музыка саласын зерттеген Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына биыл 1155 жыл толуына орай «Әлемдік ойдың алыбы» атты тарихи круиз өткізілді. Мақсаты:Оқырмандарға халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбу насыр Әл-Фараби мұраларымен таныстырып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке баулу. Шараға №12 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға ғұлама ғалымның өмірі, еңбек жолы туралы түсінік берілді. Әл-Фараби туралы жазған ғалымдардың зерттеулерімен таныстырып, оның жан-жақты ерекше тұлға болғандығы жайлы айтылды. Шараға 19 адам қатысты.