Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Жұматай жыры мәңгілік» еске алу кеші

Дата: 07.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 22
2025 жылғы 7 ақпан күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында поэзия әлемінде өзіндік биік орны бар, жерлес ақын Жұматай Жақыпбаевтың 80 жыл толуына орай «Жұматай жыры мәңгілік» атты еске алу кеші өткізілді. Мақсаты - ақын, қоғам қайраткерінің өнегелі өмір жолын, өскелең ұрпақ өнеге тұтып, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру, жастардың кітап оқуға құлшынысын ояту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулу. https://www.instagram.com/p/DFwvhGoDIU/?igsh=cHA0YmVqaGQxOWt1

"Пейілі кең, жүрегі дархан асыл жандар" атты филантроп кеші

Дата: 07.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 25
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 7 ақпан күні мүмкіндігі шектеулі оқырманның қатысуымен "Пейілі кең, жүрегі дархан асыл жандар" атты филантроп кеші өткізілді. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандардың өзге азаматтармен тең құқылы түрде ақпарат алуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету.

«Табиғатты қорғау – болашақты ойлау» экологиялық сағат

Дата: 07.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 21
2025 жылғы ақпан айының 7 күні қалалық № 2 кітапхана филиалында М. Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп - лицейінің 4 «а» сынып оқушыларымен «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау» атты экологиялық сағаты өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың экологиялық мәдениетің қалыптастыру, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/share/v/1ArB4vYogw/ https://www.instagram.com/reel/DFxH9bcI3TS/?igsh=MWQyNzd5enU0bTI0bQ== https://vk.com/wall452366377_3653

«Жыл кітабын бірге оқиық» ақпарат сағаты

Дата: 07.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 24
2025 жылғы 7 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында №16 мектептің 5 «А» сынып оқушыларымен «Жыл кітабын бірге оқиық» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында оқырмандарға проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары насихатталып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Шараға 21 оқушы қатысты.

Кітапханаға саяхат

Дата: 06.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 20
2025 жылғы 6 ақпан күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Кітапханаға саяхат» атты экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітаппен достастыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ