"Бөрілі менің байрағым" әдеби сағат
Дата: 11.02.2025
Категория: Новости
Просмотры: 15
2025 жылғы 11 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында айтыс өнерінің майталманы Сүйінбай Аронұлының туғанына 210 жыл толуына орай, инновациялық колледж студенттері атсалысуымен «Бөрілі менің байрағым» атты әдеби сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында Сүйінбай Аронұлының өмірбаянына шолу жасалып, ІІІ курс студенттері Өтеулі Аяна мен Бейл Айдана «Сұраншыға» және «Жұмыққа» атты өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, шара барысында «Тұлғаны тап» ойыны ойнатылып, соған қатысты сұрақтар қойылып,Сүйінбай Аронұлының кітаптарына шолу жасалды. Әдеби сағатымызды қорытындылау мақсатында инновациялық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кабазова Риза Набиқызына сөз берілді. Кешімізді ІІІ курс студенті Әлімбек Гүлнұрдың орындауында «Домбыра» атты әсем әнмен аяқтадық. Шараға 18 адам қатысты.