Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Бір ел - бір кітап» кітап көрмесі

Дата: 17.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 15
2025 жылғы 17 ақпан күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармаларын бүкіл ел болып оқуға бағытталған Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларына арналған кітап көрмесі безендіріліп, көрмеге библиографиялық шолу жасалынды. Кітап көрменің мақсаты - қазақ әдебиетінің ең таңдаулы ақын-жазушыларының үздік шығармаларын оқуға және насихаттауға, жасөспірімдердің прозаға, поэзияға деген қызығушылығын күннен-күнге арттыру, Отанын, елін, жерін сүюге, кітап оқуға баулу. https://www.instagram.com/reel/DGK0hbGIE1G/?igsh=MXN4aGNuNnF3eHl2Zw==

«Кітапхана ауыл өмірінде» атты либмоб акция-кеші

Дата: 14.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 12
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 14 ақпан күні «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Кітапхана ауыл өмірінде» атты либмоб акция-кеші өткізілді. Мақсаты: Ауыл тұрғындары арасында ауылдық кітапхананы насихаттау, мәртебесін көтеру, кітапханаға кеңінен оқырман тарту. Кітапханаға баратын жолды білетін адам тәтті алады. Ал білмейтін адамдар үшін кітапхананың мекен-жайы мен байланыс ақпараты айтылады. Акция кітапханаға баратын жол туралы ауыл тұрғындарының блиц-сауанамасына негізделген. Көңілді экшн-ойын кітапхананың имиджін арттыратыны сөзсіз.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Дата: 14.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 15
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 2025 жылғы 14 ақпан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының тұрақты оқырмандары Молдагулова Алия, Матвиенко Варвара, Есимбеков Даурен «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында М. Жүніс-Бектің «Чернобыльдың тірі қалқаны», Ә.Таразидың «Кен», Алматы облысының жол сілтемесі», К.Токаевтың «Последний удар», М.Твеннің «Приключения Тома Сойера», «Казахские народные сказки», Ю.Томиннің «Карусели над городом», П.Маардың «Семь суббот на неделе и в субботу субботник вернулся» Б.Шергиннің «Сказы и сказки», Ю.Давыдовтың Капитаны ищут путь» тағы басқа өздері оқыған жеке кітап сөрелеріндегі кітаптарын кітапханаға сыйға тарту етті. https://www.instagram.com/reel/DGCs_pZIyIe/?igsh=YWpvYWNmcWg3Nzhi

"Әнуар Әлімжанов әлемі" мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 13.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 29
2025 жылғы 13 ақпан күні Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында № 11 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен қазақ жазушысы Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай "Әнуар Әлімжанов әлемі" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа қатысқан балалар Алғыс хатпен марапатталды. Мақсаты: Әнуар Әлімжановтың өмірбаянымен шығармашылығымен таныстыру, кітапхананы насихаттап, кітап оқуға баулу. Шараға 26 бала қатысты https://www.instagram.com/reel/DGAGdgLxP6J/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.facebook.com/100022548073225/videos/1022041976404709/

дін және терроризм

Дата: 13.02.2025 Категория: Новости Просмотры: 17
2025 жылғы 13 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында кітапхана оқырмандар арасында «Дін және терроризм» тақырыбында ақпараттық сағаты өтті. Шара барысында діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтірілген. Ұлытау облысының терроризмнен қорғану жолдары туралы видеоролик көрсетілді. Мақсаты: Оқырман қауымға қоғамдық сана мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру, отан сүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баулу. Шараға 25 адам қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ