«Парақ тайм-2024» кітап жәрмеңкесі
Дата: 03.05.2024
Категория: Новости
Просмотры: 81
Жетісу облысы, Талдықорған қаласында 2024 жылдың 7-8-9 ақпан күндері оқушылар сарайында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сінің ұйымдастыруымен бастау алған «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесі 1 мамыр күні «Жастар» саябағында жалғасуда. Жәрмеңкені ашқан кітапхана директоры Күлпан Сейтжанова қала тұрғындарының оның ішінде жастар мен жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды.
Жәрмеңкеде «Асыл қазына», «Атамұра», «Онлайн-кітап» дүкендері «Мазмұндама» «Marfu press» баспалары жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын және көптеген балаларға арналған әдеби, танымдық, ғылыми бағыттағы 1000-ға жуық сан алуан кітаптарды тиімді бағада ұсынып, кітапсүйер қауым өздеріне ұнаған 470 дана кітаптарын арзан бағада сатып алды. Дәстүрге айналған кітап жәрмеңкесінде «Бақ-жұлдыз» медиа орталығ...