«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
Дата: 16.05.2024
Категория: Новости
Просмотры: 38
2024 жылдың 16 мамыр күні №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхананың тұрақты оқырманы Үміт Акперова, Е. Әлімжанның «Бауыржанның пырағы», Ш. Айтматовтың «Біздің өміріміздегі әйелдер...», Е. Тоқтарбайдың «Матай Бөрібай батыр», «Талдықорған» атты альбом-кітабын сыйға тарту етті. Мақсаты: Оқырмандардың сыйға тартқан әрбір басылымы маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және оқырмандарымыздың рухани байлығын дамытуға, оқу мәдениетін жақсартып, уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндікті күшейтеді. Сыйға тартылған кітаптар кітапхананың арнайы кітап бұрышына орналастырылады. Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!
https://www.instagram.com/p/C7BmY7xC6vF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==