Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Ерлігі өшпес Өтеген батыр"

Дата: 20.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 14
2024 жылдың 20 мамырында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қолбасшы Өтеген батырдың туғанына 325 жыл толуына орай «Ерлігі өшпес Өтеген батыр» атты тарихи сабақ өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды Өтеген батырдың өмірімен, оның ерлік істерімен таныстыру, оларға батырдың жаужүректігін үлгі ете отырып оқырмандарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Буккроссинг

Дата: 20.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
2024 жылдың 20 мамырында №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалы «Буккроссинг» атты кітап алмасу іс-шарасын өткізді. Мақсаты: Үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу.

"Бәйшешек" клубының отырысы

Дата: 20.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 41
2024 жылдың 20 мамырында Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында «Бәйшешек» клубының белсенділері «Жаз» тақырыбында аппликациялар жасап, суреттер салды. Мақсаты: Оқырмандарға әр түрлі қолөнер туралы мәлімет беру, шеберлікке баулу. Шараға 10 адам қатысты https://www.facebook.com/photo/?fbid=1663625221065731&set=pcb.1663625297732390&__cft__[0]=AZU3f2fNei_KaNUe1hIsC-4L3w53uxhunLDdJ-FH9z1crj531OoKL4k83r5he7TodzNov7plIiG_hKgiYQPNljVCIv4wlJ2qAlxwGXoiasg30w&__tn__=*bH-R https://www.instagram.com/p/C7L4xYZrfkv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Құс қанатымен той келді!» интеллектуалдық ойын

Дата: 19.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 32
2024 жылдың 19 наурызында "19 наурыз- Жаңару күніне" орай қалалық орталық балалар кітапханасы «Құс қанатымен той келді!» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Мақсаты: қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру.

"Гүл шоғы" панносы

Дата: 17.05.2024 Категория: Новости Просмотры: 29
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 17мамыр күні "Зерде" үйірмесінің кезекті отырысында "Гүл шоғы" панносы атты қағазбен жұмыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Үйірме мүшелерінің гүл туралы түсініктерін кеңейту, әр түрлі түсті қағаздардан гүл жасау шеберліктерін дамыту.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ