«Үздік Кітапхана» номинациясы
Дата: 22.05.2024
Категория: Новости
Просмотры: 33
1 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы театрда мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін құттықтау мақсатында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жетісу облысының әкімінің орынбасары М.Көлбаев мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, осы жолда аянбай тер төгіп жүрген қызметкерлер мен мәдениет мекемелерінің үздіктерін марапаттады. Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі жылдың «Үздік Кітапхана» номинациясымен марапатталды. Бұл кітапхана басшысы К.Сейтжанова бастаған кітапханашылар үшін үлкен қуаныш болды. Марапат ұжымды жеңіске жетелеп, рух беріп жүрген басшымыздың зор еңбегінің жемісі деп білеміз.Кітапхана дүниеде ештеңе теңестірілмейтін біл...