Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 28.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 12
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 28 сәуір күні «Кітапханаға кітап сыйла акциясы» аясында ауыл тұрғыны, зейнеткер, кітапхананың тұрақты оқырманы Солтанғазинов Әкім өзінің жеке кітап қорынан ақын, журналист Санжар Сұлтанғазының «Өмір өтіп барады» атты жыр жинағын кітапханаға сыйлады.

"Әртүрлі материалдардан панно жасап үйрену"

Дата: 28.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 18
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 28 сәуір күні "Әртүрлі материалдардан панно жасап үйрену" атты "Зерде" үйірмесінің кезекті отырысы өткізілді. Мақсаты: Үйірме мүшелеріне тақырып мазмұнын түсіндіру, өз беттерімен бұйымдарды жасауға үйрету.

"Тұлға туралы толғаныс" тұлғатану

Дата: 25.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 11
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 25 сәуір күні жазушы Ә.Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай «Тұлға туралы толғаныс» атты тұлғатану сағаты кітапхана оқырмандарымен өтті. Мақсаты: Әнуар Әлімжановтың өмірі мен шығармашылығын, жас ұрпаққа еңбекке, елге, тілге, әдебиетке деген құрметті сезіндіру.

"Менің қиялымдағы ертегі" кейс әдісі

Дата: 25.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 15
2025 жылғы 21 сәуір күні Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында оқырмандармен «23 сәуір –Ұлттық кітап күні» фестивалі аясында "Менің қиялымдағы ертегі" атты кейс әдісі өткізілді. Шара барасында оқырмандар “Баурсақ” ертегісінің соңын өз қиялдарындағыдай ойнап, ал “Қу қой” ертегісін рөлге бөлініп өздері сомдады. Шара жұмбақ шешумен аяқталды. Мақсаты: балаларды шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Ой-өрісін дамыту. Тіл байлығын жетілдіру. Кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Шараға 36 адам қатысты. https://www.instagram.com/reel/DItINDloNrv/?igsh=ZGNzMTIzNDVsMDM3 https://www.facebook.com/share/v/1BosvpMKTF/?mibextid=wwXIfr

«Ескерткіштер-тарихымызды танытатын ұлттық мұра» атты танымдық сағат

Дата: 24.04.2025 Категория: Новости Просмотры: 6
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 24 сәуір күні «Ескерткіштер-тарихымызды танытатын ұлттық мұра» атты танымдық сағат кітапхана оқырмандарымен өтті. Мақсаты: Жастарға қаламыздағы тарихи-мәдени ескерткіштерді танытып, оларды қорғау, сақтау, азаматтық парызы екенін ұғындыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ