«Жастармен жұмыстың жаңа тәжірибелері» қалалық семинар
Дата: 31.05.2024
Категория: Новости
Просмотры: 29
2024 жылдың 31 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында «Жастармен жұмыстың жаңа тәжірибелері» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – жастар қауымын кітап оқуға тарту, ақпараттық қызмет көрсетудің тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын меңгеру, тәжірибе алмасу. Аталмыш семинарға «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты кітапханаларының кітапханашылары қатысты. Кітапхана директоры К.Сейтжанова жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуында кітапхананың рөлі зор екендігін атап өтті. «Жастарға кітап оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» туралы қалалық №8 кітапханасының кітапханашысы А.Қадырова, «Кітапханада ұйымдастырылған қызығушылық клубтарымен жүргізілетін жұмыстар» жайында, қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Л. Дайрабаева, «Жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында Еркін ауылдық №3 к...