«Парақ тайм-2024» кітап жәрмеңкесі
Дата: 03.06.2024
Категория: Новости
Просмотры: 30
2024 жылдың 1 - маусым балаларды қорғау күні Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сінің ұйымдастыруымен кітап оқуды насихаттап, өскелең ұрпақ өміріне лайықты кітап оқу мәдениетін кеңінен қалыптастыру мақсатында «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ашық аспан астында өткен мәдени шараны кітапхана директоры К.К.Сейтжанова ашып, мұндай жәрмеңке әрбір баспадан шыққан кітаптың оқырман қолына жетуіне оң ықпал ететінін, сонымен қатар автор мен оқырман арасында байланыс орнатуға да жағдай жасайтынын айтып, жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды. Шара «Кітапханаға кітап сыйла» акциясымен басталып, Өтенай ауылдық №5 кітапхананың тұрақты оқырманы Г. Рахимова түрлі жанрдағы кітаптарды сыйға тартты. Шара барысында «Тәтті кітап» жобасы аясында қуыршақ театрының «Балық пен түлкі», «Волшебная сметана», «Жылауық», «К...