Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Экология өмір өзегі» экология сағаты

Дата: 02.06.2025 Категория: Новости Просмотры: 0
5 маусым – Эколог күніне орай 2025 жылғы 2 маусым күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Экология өмір өзегі» атты экология сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға экология мен қоршаған ортаның маңыздылығын түсіндіру, табиғатты қорғау, эколгиялық мәселелер туралы ақпарат бере отырып, жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін дамыту, оның маңызы туралы түсініктерін кеңейту. https://www.instagram.com/p/DKZXUS4IJsn/?igsh=MTJxb2YycnhuM20zeQ== https://www.facebook.com/share/p/1BrHRzNXDg/?mibextid=wwXIfr https://vk.com/wall452366377_3715

«Бір ел - бір кітап» акциясы.

Дата: 02.06.2025 Категория: Новости Просмотры: 3
2025 жылғы 2 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің өмірбяны мен шығармашылығы туралы «Бір дәуірдің дара тұлғалары» атты ақпарат сағаты мектеп оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Ұлттық әдебиетті насихаттау, олардың әдеби мұрасын оқырмандарға таныстыру, ақын-жазушылардың шығармаларының мазмұнын баяндап, олардың негізгі идеяларын түсіндіру. Сонымен қатар Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдерін мәнерлеп оқып, балалар шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін талқылады.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы.

Дата: 02.06.2025 Категория: Новости Просмотры: 3
2025 жылғы 2 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында, кітапхананың тұрақты оқырманы Жанар Пасанова кітапханаға бірнеше көркем әдеби кітаптарын тарту етті. Мақсаты: Жастарды, жасөспірімдерді кітап оқуға шақыру, кітапханаға жақсы кітаптар сыйлау, технология заманында да кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету.

«Біз – бақытты балдырған» open air

Дата: 30.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 2
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында 2025 жылғы 30 мамыр күні бүлдіршіндер мен мектеп оқушылар арасында еркін форматта «Біз – бақытты балдырған» атты open air өткізілді. Іс – шара барысында «Өлең мен би - көңілді күй» айдарында 5 сынып оқушысы Рысбек Каусар Мағжан Жұмабаевтң «Мен жастарға сенемін», Асет Әбдіқадыр Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым», Асет Айнұр Сұлтан Қалиұлының «Ана тілі», Тиунова Анжелика және тағы басқа оқушылар үйлерінен даярлап келген өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Серікғазы Анель мен Азамтқызы Амина «Қазақ биі» биімен мың бұралып биледі. «Менің достарым!» атты асфальтқа сурет салу байқауы, және ұлдар арасында «Ұлттық ойын ұмытылмасын» атты арқан тартудан жарысқа түссе, ал, қыздар арасында кім жылдам? Мақсаты: Балаларға шын көңілден мерекелік көңіл - күй сыйлай отырып, балалардың жеке қасиеттерін дамыту...

"Қуғын-сүргін құрбандары-ел жадында" тарихи сағат

Дата: 29.05.2025 Категория: Новости Просмотры: 13
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 29 мамыр күні кітапхана оқырмандарымен «Қуғын-сүргін құрбандары — ел жадында» атты тарихи сағат өтті. Мақсаты: 1937–1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, жастарға тарихи сананы қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ