«Наурыз – ырыс, ынтымақ»
Дата: 26.03.2021 | |
Просмотры: 68 | Печать страницы |

19 Наурыз күні кітапханада «Наурыз – ырыс, ынтымақ» атты әдеби сағат өтті. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы жастарға қазақ халқының салт - дәстүрін насихаттау және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін уақыт екені айтылды.
Шараға қатысқан Қыдыр ата: бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мереке. Осы жылы келген «Ұлыстың ұлы күні» құтты болып, жаманшылық атаулы жерге енсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген ізгі тілегін айтып, батасын берді. Сонымен қатар жастарға ұлымыздың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлер жәйлі мағлұмат берілді. Шара ән-бимен жалғасын тапты.