Алғыс айту – парызымыз!
Дата: 12.03.2021 | |
Просмотры: 57 | Печать страницы |

2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтуде.
Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Осы мерекеге орай 2021 жылы 01 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында «Алғыс айту – парызымыз!» деген тақырыпта бейнеролик әлеуметтік желідегі оқырмандардың назарына ұсынылды. Мақсаты – оқырмандарға ата-анаға, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір – бірімен үйлесімді қарым – қатынас жасай білуге үйрету.