Терроризм – адамзаттың қасіреті
Дата: 11.12.2019 | |
Просмотры: 244 | Печать страницы |

Жаһандық алапат дертке айналып бара жатқан террористік ұйымның алдын алу мақсатында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2019 жылы 24 қазан күні «Терроризм – адамзаттың қасіреті» деген тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Кітапханашы К.Табылдинова бұл ғаламдық қасірет, әлемдік дәрежедегі қазіргі заманның жазылмас жарасы екенін баса айтып, қатерлі індеттің бүгінде кең құлаш жайып бара жатқаны материалдық қана емес, рухани мешелдіктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрапайлануының салдары және мұндай қоғамдық ауыр дерттермен ел болып, халық болып күресуіміз қажет екендігіне тоқталып өтті. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы кең түсінік бере отырып, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу, жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстаным екенін ұғындыру болып табылады.