Онлайн кездесу
Дата: 12.03.2021 | |
Просмотры: 53 | Печать страницы |

Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен қашықтан онлайн түрінде түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Міне, бүгін балалар мен қарттар үйі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтарындағы түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырушы, Астана қаласында Әзірет-Сұлтан мешітінің ашылуына байланысты Республикалық «Текті сөздің төресі-Терме» атты байқауда «Ата-ана қадірі» тақырыбы бойынша «Үздік мақам» номинациясы бойынша 1-орын және әнші, сазгер, ақын Роза Әлқожаның ән қоржынынан «Розаның әндері» байқауында «Ауылды аңсадым» әнімен 1-орын иегері. Роза Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамал» әніне жазылған, «Сіз сыйға тартқан орамал» әнінің авторы. Облыс әкімі А. Ғ. Баталовтың қолдауымен жарық көрген «Амандос және Мен» атты жыр жинақтың авторы. «Дүние таланттылары Одағы" ұйымдастырған ақындар айтысында 1-орын жүлдегері. «Дүние таланттылары Одағының» мүшесі. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясынын «кинотеледраматургия» мамандығы бойынша білім алған. «Жалғыз басты әке» киносценарий, «Ағайынды алтау» пьесса, «Автобустағы оқиға» атты әңгіме сонымен қатар көптеген өлең-жырлардың авторы Амандос Елтайұлымен 2021 жылы 18 ақпан күні сағат 11:00-де фейсбук парақшасынан «Туған жерге тағзым жобасы» аясында «Поэзия әлемінде» атты онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында оқырмандар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Мақсаты: Әнші, сазгер Амондос Елтайұлының өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия, құдіретін таныту, ақын өлеңдері мен әндері арқылы әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, поэзия мен ән әлемінің сырын ашу болып табылады. Кездесу барысында оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=913819822712945&id=100022548073225