«Жетісу өңірінің жеті мекені»
Дата: 02.03.2021 | |
Просмотры: 61 | Печать страницы |

Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді. Осы орайда ақпан айының 22-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі парақшаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы бойынша әлеуметтік желі парақшаларында «Жетісу өңірінің жеті мекені» атты бейнеролик ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды Жетісу өлкесінің жеті кереметімен таныстырып, табиғатқа, туған жерге деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=916140912480836&id=100022548073225
https://www.instagram.com/tv/CLlNuH2n4xi/?igshid=ore2vadvjy41