Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан
Дата: 26.02.2021 | |
Просмотры: 59 | Печать страницы |

#bizbirgemiz
#onlinekitaphana
Құрметті оқырмандар!
1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды.70 жыл бойы құлдырауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақтың бас бірлігі, жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күні сол еді. Желтоқсан- елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
Міне, биыл дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 10 ақпан күні «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан» атты видеороликті әлеуметтік желі қолданушылардың назарына фейсбук, инстаграм, вконтакте парақшаларынан ұсындық. Мақсаты: Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге, дамытуға білімді адамдар керек екенін түсіндіру, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу. Отан-Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елженды болуға, елінің Тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=909019133193014&id=100022548073225