Тілде ұлттың жаны бар
Дата: 26.11.2019 | |
Просмотры: 132 | Печать страницы |

2019 жылдың 21 қарашасында №8 кітапхана филиалында (Учхоз ЗВТ ) «Тілде ұлттың жаны бар» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Оқырмандарға ана тілін білудің маңызын түсіндіріп, ана тілі туралы өлеңдер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер айту арқылы сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Ана тілін сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу, өз ойын толық жеткізе алатын білімді, саналы, салауатты, жан-жақты рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу. Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4 - ші бабында қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген. Біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе? – деп тоқталып өтті. Шараға 10 адам қатысты.