«Көшпенділер»
Дата: 18.01.2021 | |
Просмотры: 65 | Печать страницы |

Қаңтар айының 12 - ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде әлеуметтік желі парақшаларында қазақтың белгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына 45 жыл толуына орай онлайн ақпарат ұсынылды. Мақсаты:
оқырмандарға тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, сүйіспеншілікке баулу, азаматтық қасиеттер дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Ақпарат беру барысында кітапханашы М.Сапбек шығарманың әрбір бөлімдеріне жеке - жеке тоқталып өтті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=892181871543407&id=100022548073225
https://www.instagram.com/tv/CJ7qXWJn2HR/?igshid=sn1xkll4dxmj